{metadescription}
Алматы облысындағы тоғанда балық қырылып жатыр
Алматы облысындағы тоғанда балық қырылып жатыр

Алматы облысындағы тоғанда балық қырылып жатыр

Бұл жерді меншіктеп алған кәсіпкер шағын көлді құрғатпақ болған. Сондықтан суын далаға ағызып жіберіпті. Енді су жәндіктері арықтардың бойында шашылып қалған. Бұған ашынған жергілікті  тұрғындар құзырлы органдардың шара қолдануын талап етуде.

Есенгелді ауданындағы бұл тоғанның түгі қалмаған. Бұрын Крупская өзенінің суымен толатын көлшік керісінше құрғатылып жатыр. Өйткені осы жерге иелік етіп отырған бизнесмен тоғанның табанын басқа кәсібіне пайдаланбақ. Енді суын далаға ағызғандықтан, ондағы балықтар қарылып жатыр. Тұрғындар ең болмаса арық бойына жиналған ұсақ балықты аман алып қалу керектігін айтады.  

Алмас Елубайұлы, Еңбек ауылының тұрғыны:

-Балықтар аға бастады. Екі қожайыны ауысты. Қараусыз.  Балықтар үйдің жанына дейін келді ғой.

Тоғанның қожайыны болса тілшілермен сұхбаттасқысы жоқ. Бұл жерде қандай кәсіп бастағысы келетінін ашып айтпады. Ал табиғатты қорғауға тиіс мекемедегілер бизнесменге қой дей алмаймыз деп отыр. Тек тұрғындар жиналып шағым жазса ғана тексеруге шыға алады екен.

Айдар Мағзұмов, Алматы облыстық табиғи ресурстар басқармасының бас маманы:    

-Жекенің шаруасына араласа алмаймыз. Олардың өз заңдары бар. Егер жаппай қырылып, мүңкіген иісі шығып жатса табиғатты қорғау мекемелеріне арызданады. Ең болмағанда табиғатты қорғау инспекциясына. Содан кейін барып облыстық және аудандық әкімдік жанынан комиссия құрылады. Тексеру қортындысы брйынша арызданушыға солар жауап береді.

Өзге елдерде балық үшін бас алуға дейін барады. Мысалы, былтыр Ұлыбританияда шабақты тірідей жұтқан жігітті соттаған. Ал Алматы облысының шенеуніктері тоғанды құрғатып, балықты қырғандарға өздіктерінен шара қолдануға асықпайтын сияқты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.