Қарағанды көктемнің алғашқы айы аяқталарда қардың астында қалды
Таңалакеуімнен түс ауғанша жауған ақұлпа қозғалысты қиындатып, көше тазалайтын техника мен адамдар әбден састы. Қардың арты жаңбырға ұласқан соң, көктайғақ салдарынан қаладан шығатын бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.
Автор: Саят Сабдалы
30.03.2018
Қарағандыдан Астанаға және Алматыға шығатын жолдар көк мұзға айлалғандықтан қозғалыс шектелді. Өйткені сырт түгілі қаланың ішінде жүру қиындап, бір күнде 50 жол көлік апаты тіркелген. Зардап шеккендер жоқ. Жаяу жүргіншілер де омпы қарда сүріне жығылып, ақ тер, көк терге түсті. Ал коммуналдық мекеме таңнан тоқтаусыз жауған қармен алысты. Қала көшелеріне 200-ден аса техника шығып, тоқтаусыз жұмыс істеуде. Тайлы-тұяғы қалмай шыққан коммуналшылар көшелерді түні бойы тазалаймыз деп отыр.
Арман Сәрсенбаев, «Благоустройство» КММ өндіріс жөніндегі директоры:
-Қар көп жауды. 1 жарым- 2 айдың мөлшері түсті-ау, шамасы. Техника қазір тазалап өтсе, артынша қайтадан қар басып әбден титықтатты. Оның үстіне мына қар ылғалды, жабысқақ. Техниканың қалақтарына жабысып, жұмысты өндірмей, кедергі келтірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!