{metadescription}
Шымкентте балмұздақтан ұшынып, ауруханаға түскендер сауыға бастады
Шымкентте балмұздақтан ұшынып, ауруханаға түскендер сауыға бастады

Шымкентте балмұздақтан ұшынып, ауруханаға түскендер сауыға бастады

Бүгінге дейін ауруханаға жатқызылған 50 адамның 38-і үйлеріне жіберіліпті. Олардың барлығы ішек инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы облыстық әкімдік өкілдері хабарлап отыр.

Қазір жұқпалы аурулар ауруханасы күшейтілген кестемен жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, өткен аптаның соңында қала орталығындағы балмұздақ сататын «Южный» дүкенінен құйылмалы тәттіні алып жеген тұрғындар іші өтіп, басы айналып жаппай ауруханаға түсе бастаған. Демалыс күндері ішек инфекциясын жұқтырғандар жалпы саны 70-ке жеткен еді. Ауруханада жатқандардың жартысы кәмелетке толмағандар. Атап өту керек, құйылмалы балмұздақ сатқан кәсіпкердің шағын бизнесі туралы құзырлы органдар жанжал шыққанға дейін тіпті білмепті де. Қазір, осы жәйтке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал, ел-жұртты жаппай ұшындырған сауда нүктесі жабық тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.