Ақтөбеде прокуратурадан араша сұрап келген әйел талып қалды
Ақтөбедегі көлік прокуратурасына шағым айта келген әйелдің жүрегі ұстап, талып қалды. Өйткені құқық қорғау органының қызметкерлері онымен бірге келген бір топ адамды қабылдаудан бас тартып, ішке кіргізбей қойған. Науқас ана ақыры арызын айта алмады. Шетелге заңсыз газ сатты деп айыпталған оның ұлы мен тағы 6 адамды бір ай бұрын қалалық сот ақтаған еді. Олардың контрабандаға қатысы барын дәлелдей алмады. Әйтсе де, прокуролар қарсылық шағым түсіріп, түрмеге жаппай тынбаймыз деп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.04.2018
Бір айлыққа қарап отырған ұлын халықаралық контрабандашыға теңегеден тергеушілерге бұл әйелдер ашулы. Ақтөбенің газ бекеттеріне көгілдір отын тысамалдайтын төрт жүргізуші мен «Голд степ» компаниясының үш қызметкерін былтыр мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері ұстаған еді. Оларға Ауғанстанға газ сатты деген айып тағылды. Кейін алты ай тергеліп, бес ай бойы сотта қаралған істе еш дәлел табылмады. Ақыры судья айыпталушылардан кешірім сұрап, тергеу жүргізгендерге ескерту жасады.
Жұмагүл Есенова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Шетелге қалай шығады? Кедені бар тексерген. Неге мойындарына қиып салады? Болмаған нәрсені неге болды қылады? Әділдік қайда? Баланы емес, мені жапсын!
Енді құқық қорғау органдарының өкілдері олардың ақталғанын құптамай, қарсы шағым түсірген. Түрмеге жаппай тынбаймыз деп отыр. Бұған наразы топ көлік прокуратурасына жетті.
Алтын Зұлмағанбетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Ешқандай бір тиын жазығы жоқ баламыздың. Қалтасына сала ма жалаңаяқ механик? Үйі де жоқ төбесінде.
Арызын айта келгендерді прокуратурада құшақ жая қарсы алған ешкім болған жоқ. Керісінше қарулы күзетшілер қабылдауға кіргізбей қойды.
-Атыңдар, құрбан қалыңдар шетімізден!
-Сендер ана кісі өлтіргендерді ұстаңдар! Триллиондап жегенді ұстаңдар! Кінәсіз балдарды, кінәсізді қамап, бізді шырылдатпаңдар! Ондай былай тұр!
Айқайға шыдамаса керек, көлік прокуроры Абылайбек Орбаевтың өзі шықты. Ол шағымдана келгендердің мысын баспақ болды. Прокурор сот үкіміне қарсылық шағым түсіргенін жасырмады. Бірақ 7-і адамның ақталғанына не себептен келіспей отырғанын ашып айтудан бас тартты. Ал газ ұрлады деп айыпталған жүргізушілердің өздері олардың бұл қылығына түңіліп отыр.
-. Асанов келіп еді өзгеріс басталды. Ал енді прокуратура мен тергеушілер халыққа неге қарсы жұмыс істейді?
Көлік прокурорының қабылдауын күтіп, ғимараттың кіре берісіндегі қуықтай бөлмеде елуге жуық адам қамалып тұрды. Оларды ақыры ішке аттатпай қойды. Бұған жұрегі шыдамаған науқас ана сол жерде есінен танып қалды. Артынша жетпістен асқан әжейің қан қысымы көтеріліп, екеуіне жедел жәрдем шақыртуға тура келді.
-Талып құлаған әйелдерді ақыры жедел жәрдем алып кетті. Ал прокурорлардың қарсылық шағымын облысық сотың қашан қарайтыны белгісіз. Өйткені процесс уақыты әлі нақтыланбаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!