{metadescription}
Ақпарат министрлігі алматылық тілшілердің ұсталуына қатысты жағдайды бақылауға алды
Ақпарат министрлігі алматылық тілшілердің ұсталуына қатысты жағдайды бақылауға алды

Ақпарат министрлігі алматылық тілшілердің ұсталуына қатысты жағдайды бақылауға алды

Алматыда бүгін Ratel интернет-порталы мен Forbes Kazakhstan журналының редакторлары мен тілшілері қамауға алынды. Құзырлы орындар екі редакцияда да тінту жүргізген.

Рателдің бас редакторы Марат Әсіпов, орынбасары Сапа Мекебаев пен журналист Анна Калашникованы және Forbes Kazakhstan журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротиловты тергеуге алып кетіпті. Тілшілердің тіпті үйіне дейін барып тінту жүргізілген көрінеді. Незігі әлдебір азаматтың жалған ақпарат берді деген арызы бойынша Алматы соты Ratel.kz сайтын бұғаттау туралы шешімді 30-шы наурызда шығарған болатын. Ал бұл жолғы суыт тексерістің себебі әзірге айтылмай жатыр. Дегенмен, Ақпарат министрлігінен бастап барлық құзырлы орындар болған жайттан хабардар. Мән-жай анықталған соң ақпарат таратуға әуде етті.

Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:                              

- Бұл мәселені жан-жақты қарастырамын. Ақпарат жинап кейін хабарлайтын боламын.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде