{metadescription}
Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін
Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін

Талдықорғанда туған анасын асқан қатыгездікпен өлтірген бозбала жат ағымның жетегінде кеткен болуы мүмкін

Туған анасын бауыздап тастаған. Талдықорғанда жан түршігерлік оқиға болды. 11 сынып оқушысы анасын тұншықтырып өлтіріп, кейін пышақтап тастаған. Үлгілі бала, озат оқушының асқан қатігездікке баруына не себеп болғанын туыстары да, ұстаздары да түсенбей дал. Жеткіншек жат ағымның жетігінде кетті ма деген күдік те жоқ емес. 

Талдықорғанда туған анасын бауыздап өлтірген Әлішер Кәрімнің асқан қатыгездігі күллі жұртты шошытып отыр. 11 сынып оқушысы алдымен ұйықтап жатқан анасын тұншықтырып өлтірген. Кейін жүрегіне бірнеше рет пышақ сұғып, бауыздап тастапты. Тіпті шешіндіріп өлі денеге ас содасын сепкен екен.  Одан кейін түк болмағандай мектепке барыпты. Жол жөнекей компьютер клубына да соғып құмары қанғанша ойын ойнаған. Тек бір күн өткен соң ғана өз еркімен полицияға келеді. 

Гүлмира Ахметова № 5 мектептің директоры

-Жақсы оқиды. Оқу жылы бойы сабақтан қалған емес. Тәртібі жақсы, жауапкершілігі жоғары. Өзі математикадан жақсы әрі жақсы сурет салады. Мектептегі редколлегия мүшесі болатын.

17 жасар Әлішердің жауыздығы мектебін ғана оны танитындардың барлығын есеңгіретіп тасады. Ұстаздары ол үлгілі, озат, белсенді оқушы болған деп отыр. Әкесіз өскен. Анасы жалғыз ұлы мен Алматыда оқитын оның әпкесін  асырау үшін облыстық наркологилық диспансерде мейірбике болып жұмыс істепті. Бауыр еті баласының қолынан ажал құшқан Гүлназ Омарғожинова небәрі 43 жаста еді.

Елена Коленко марқұмның құрбысы.

-Гүлназды студент кезінен танимын.  Өте қарапайым, бауырмал болатын. Үнемі күліп жүретін. Баласының жаман қылығын ешқашан естімеппін. Ұлым 11 бітіреді, Әлішерімді Көкшетаудағы құтқарушылардың оқуына түсірем деп ақшасын жинап жүргенін айтқан. 

Таныстары Әлішер әпкесіне телефон алып берген анасына өкпеледі десе, енді біреулері бала сектаның жетігінде кетуі мүмкін деп отыр. Ал оқушының қылмыс кезінде ішімдік ішкен ішпегені белгісіз. Құзырлы орган бұл оқиағаға қатысты ешқандай ақпарат берер емес. Белгілісі уақатша қамау изолятрында сұралып жатқан 11 сынып оқушысына қатысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде