Назарбаева жылу электр станциясының тазалығына көңілі толмады
Ақшаны аямайсыңдар. Астананың жылу электр стансасына бір топ сенаторды бастап барған Дариға Назарбаева мекеменің жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, қаланы көк түтінмен улайтын кәсіпорынның жеке тазалығы көңілден шықпайды. Әсіресе күннің суықтығын сылтауратып, керексіз кезде де үйдің ішін жандырып қоятын әдеті сенаторға ұнамай қалды. Ал станса басшылығы Астанаға газ келісімен экологиялық қалдықтарды дереу азайтатындарын айтып ақталды. Толығырақ тілшіміз айтсын.
Автор: Ербол Тұрымбет
02.04.2018
Тонналаған қою түтін будақтап жатқан жерде экологиялық мәселе сөз болмай тұрсын ба?! Астананы қыс бойы қалай жылытып жатқандарын қала әкімінің орынбасары тынымсыз баяндағаны сол еді, сенатордың оған айтары бар екен.
Жгете, не жалеете денег...
Сенаторлардың бұл келісі негізінде Елбасының бес әлеуметтік ұсынысы жайын түсіндіріп, жұмысшылардың ойын білу. Көбісі үйлі болудың жаңа бағдарламасын сұрады. Бірақ, әңгіме айналып кеп экологиялық тазалыққа тіреле берді.
Дариға Назарбаева, Сенат депутаты:
К вам придешь и настроение сразу падает... Сіздерге келгеннен бастап бірден көңіл құлазиды, күйзеліске түсеміз. Шын сөзім. Сіздер бұл туралы ойланып көрмедіңіздер ме? Осы жерде мыңдаған адам жұмыс істейді. Арасында бір сенбілік ұйымдастырып тұруға болмас па еді?
Қара күйеге боялып жатқан мына ғимараттың іші басшыларының айтуынша күніне рет тазаланып тұрады екен. Ал газ келіп жатса, мұндағы тазалық біраз ретке келетін сияқты. Ал мына алпамса мұршалардан шығып жатқан улы газ көлемі 30-40 пайызға дейін азаю керек. Тек елордалықтар үшін бір қиындығы, жылудың тарифі көтеріледі.
Қосман Айтмұхаметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:
Тарифті біз әзірге көтермейміз. Бірақ, газ келген кезде біз тарифті шамамен 50-60 пайызға көтереміз.
Жоспар бойынша, көгілдір отын Арқа төсіне келер жылдың аяғына дейін жетуі керек. Оның өзіне, тек қаланы сумен жылыту бөлігі ғана газға ауысады. Ал электр қуатын өндіру бөлігі сол көмірге тәуелді боп қала бермек.
- Жылу тарифін өсірудің өзіндік себебі бар. Қала басшыларының айтуынша, бағасы арзан болғандықтан тұрғындар жылуды үнемдемейді. Оның кесірі экологияны ластауға әкеп жатыр екен. Сондықтан, тариф көрсеткішін өсіру жылуды үнемдеп тұтынуға үйретеді деген ойда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!