Түркия мен Израиль арасындағы жанжал қайта ушықты
Тіпті, Тайып Режеп Ердоған Израиль үкіметін «терроршы» деп айыптады. Ал, екі мемлекет арасындағы дау Газа секторы мен Израиль шекарасындағы қақтығыстан соң туындаған болатын.
Автор: Мақсат Мәлік
02.04.2018
Естеріңізге салсақ, өткен жұмадағы қақтығыстан 16 палестиналық қаза тапқан еді. Алайда, Израиль әскері тек радикалды топ мүшелері оққа ұшқанын айтып, ақталып әлек. Олардың дерегінше, алғашында резеңке оқ қолданған әскерилер, палестиналықтар тас лақтырып, дөңгелектерді өртеген соң мәжбүрлі түрде шынайы қарудан оқ жаудырған. Бірақ, Түркия президенті бұл қадамды қатаң сынға алып, «өздерің террорлық мемлекетсіңдер» деп атады. Дегенмен, Израиль үкіметінің басшысы Беньямин Нетаньяху Ердоғанның өзіне доқ көрсетіп, талай бейбіт тұрғынның өліміне ресми Анкараның да қатысы бар дейді. Ал, Біріккен Ұлттар ұйымы мен Еуропа одағының аталмыш оқиғаны жіті тексеру керек деген талабын Израиль тарапы құлағына да ілмей отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!