Елімізде аутизмге шалдыққан балаларға көмек керек
Астанада алғаш рет аутизмге шалдыққан балалар көпшілікпен бірге кино көрді. Елордадағы кинотеатрдың біріне бүгін 300-ге жуық науқас ұл мен қыз жиналды.
Автор: Жәудір Оразхан
02.04.2018
Динара Шайжүнісова, «Болашақ» корпоративтік қорының директоры: ауд
-Осы акция арқылы дені сау балалар мен аутизмге шалдыққа кішкентайлар бірге жүре алады, бірге білім алып, бірге кино көруіне де болатынын көрсеткіміз келеді. Мұндай шаралар әлі де жалғасады. Қазақстанда 3 мың балаға аутимз деген диагноз қойлыған.
Ұйымдастырушылар ерекше көрермендерге барынша ыңғайлап, залдағы жарықты толық сөндірмеген. Және балалар қорқып қалмас үшін фильмнің дыбысы әдеттегіден төмендетілген. Кішкентайлар шаршаса демалатын арнайы жұмсақ орындықтар да қойылған. Залдың қайта жасап шығуға екі апта уақыт кетіпті. Айта кету керек, көрермендердің арасында ерекше балалармен қатар қарапайым адамдар да бар. Ұйымдастырушылар мұндай көрсетілімді тұрақты түрде өткіземіз деп отыр. Аутизм дертіне шалдыққандарды қолдау күніне орай Алматыдағы "Милосердия" қайырымдылық қоры да арнайы шара өткізді. Онда балалар қойылым қойды, футбол ойнады. Кейін аспанға шар ұшырды. Ал аутизм – баланың ақыл-ойының тежелуінен туындайтын ауру.
Аружан Саин, «Мейірімділік» қоғамдық қорының директоры: ауд
-Елімізде аутистерге диагноз қоятын, оны емдейтін маман жоқтың қасы. Бұл мемлекеттік деңгейде қаралатын үлкен мәселе. Сосын, ата-ананың салғырттығынан балалар осы дертке шалдығады. Үлкендер сәбидің дамуына, тілінің шығуына мұқият мән беруі тиіс. Егер күмәнданса, дереу психилог немесе невропотолгқа қаралған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!