{metadescription}
​Елімізге көктеммен бірге жапонның әуезді музыкасы келді
​Елімізге көктеммен бірге жапонның әуезді музыкасы келді

​Елімізге көктеммен бірге жапонның әуезді музыкасы келді

Астанада дәстүрлі  «Жапон көктемі»  атты фестиваль өтті. Жапондық композитор Елорда тұрғындары мен қонақтарына ең таңдаулы туындыларын ұсынды. Пианиношы  Кейко Мацуи Алматыда да өнер көрсетеді.

Кейко Мацуи, композитор:

Сакура... Сәуірде сакура гүлдейді. Мен осы мезгілде сіздердің елде ұйымдастырылған фестивальге қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Өйткені, мен табиғаттан, теңізден, жұлдыздан шабыт аламын. Ал Қазақстанға бірінші рет келуім. Астана қатты ұнады.

Кейко Мацуиді әлем  аспапты музыканың шебері ретінде бағалайды. Композитор классика, рок, джаз стилінде ән жазады. Дүние жүзінің түкпір-түкпіріне жоспарланған гострольдік сапарына қарамастан, музыкант уақыт атуып, біздің елге келгенін айтты. Пианино түрлі шықайырымдылық шараларға да жиі қатысады. Ол Елімізге «Дегдар» қорының шақыруымен келген. Айта кету керек, қор жылына екі рет «Жапон көктемі» және «Жапон күзі» атты музыкалық фестивальді дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде