{metadescription}
0:000:00
«Кел, келінім!» КТК-да жаңа реалити шоу басталмақ

«Кел, келінім!» КТК-да жаңа реалити шоу басталмақ

КТК-ның көктемгі тартуы! Арнамыз Қазақстанда бұрын-соңды болмаған реалити-шоу ұсынбақ. «Кел, келінім!» деп аталатын жаңа жоба дүйсенбіден бастап көрсетіледі.

Бұл  сұр бойдақтар мен тұрмыс құрмаған бойжеткендер алаңы. Бір ерекшелігі, қалыңдықты серілер анасымен бірге таңдайды. Қатал іріктеуден 4 күйеу жігіт өткен. Енді олардың өмірлік жары атану үшін қыздар жағы өзара бақ сынаспақ. «Кел, келінімге» бақытын іздеп келген бойжеткен санында есеп жоқ. Алайда, болашақ енелердің көңілін тапқан 8 ару ғана жобаны әрі қарай жалғастырады. Соның арасынан бойдақтар жүрек қалауын тауып, арты тойға ұласуы тиіс. Жаңа реалити-шоу дүйсенбі-жұма аралығында күндізгі сағат 3-тен 6-ға дейін көрсетіледі. Ал, қыз таңдай келген серілер мен олардың аналары кімдер?! Қатысушылармен бүгіннен бастап таныс бола аласыздар. Ол үшін 17:20-да бағдарламаның күнделігін көріңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде