Райымбек ауданының екіге бөлінуі несімен тиімді?
Алматы облысында жаңа аудан құрылды. Президенттің «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» қаулысына сәйкес, бұдан былай екіге бөлінетін Райымбек ауданы: Кеген және Райымбек боп бөлінді.
Автор: Мақсат Мәлік
03.04.2018
Шекаралық аймақта орналасқан Нарынқол ауылы Райымбек ауданының әкімшілік орталығы саналса, ал Кеген ауданының орталығы Кеген ауылы болмақ. Сарапшылар Нарынқол ауылының қайта аудан орталығы атануы өңі қашқан өңірге жаңа серпін береді деп үміттеніп отыр. Себебі, 1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымдарды оңтайландыру саясатына орай, Нарынқол мен Кеген аудандары бірігіп, Райымбек ауданы құрылған еді. Бірақ, мұндай шешімнен соң шекара маңындағы жұрт мекендерін тастап аудан орталығына, тіпті Алматыға көшкен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!