{metadescription}
Тікелей эфир: Елімізде мың жарымнан астам үйді топан су басқан
Тікелей эфир: Елімізде мың жарымнан астам үйді топан су басқан

Тікелей эфир: Елімізде мың жарымнан астам үйді топан су басқан

Оның үстіне тасқын әлі бірнеше облысты жайпауы мүмкін. Өйткені синоптиктер күннің күрт жылынуына өзендердің арнасынан асады деп болжап отыр. Сондықтан Ішкі Істер министрлігі үкіметтен құтқару техникасын сатып алуға ақша сұрап отыр.

Толығырақ, жаңа ғана Үкімет отырысынан оралған  тілшіміз айтып берсін. Қайырлы күн Досжан! Сонымен қазіргі таңда  тасқынға қатысты  елдегі ахуал қандай?

Тасқын қауіпі әлі де сейілмей тұр. Сондықтан, бұл мәселе Үкімет отырысының  бүгінгі күн тәртібінде болмаса да, Ішкі істер министріне есеп беруге тура келді.

Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, тасқын еліміз бойынша 50-ден астам елді-мекенді басып, 1600-ге жуық баспананы бүлдірген. Төрт мың адамды қауіпсіз орынға көшіріп жағдайды бақылап отырмыз дейді министр. Әсіресе, жағдай әлі де сол Шығыста ушығып тұр. Мұнда топан су тәулік ішінде тағы жүздеген үйді басып қалған. Соңғы мәліметті министрден тыңдап көрейік.

ҚАЛМҰХАНБЕТ ҚАСЫМОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

-Қазіргі таңда онда 396 үй мен 185 аула су астында қалып отыр. Осыған байланысты Семей, Аягөз, Зырян мен Шемонайха аудандарында жергілікті ауқымды төтенше жағдай жарияланды. Апаттық кезек күттірмейтін жұмыстарды жасауға мыңнан астам адам, 200 бірлік техника, 96 мотопомпа және 10 қайық қатысуда.

-Түсінікті, ал өзге облыстарға тасқын қауіпі қаншалықты төніп тұр?

Иә, өзге аймақтарда да жағдай күрделі. Әсіресе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар мен Қарағанды және Қостанай облыстарына үлкен қауіп тұр дейді министр.

Өйткені, синоптиктер, күн райының күрт жылынып, жауын жауатынын болжап отыр. Бұл өзендерді арнасынан асырып, бойындағы ауылдарды шайып кетуі мүмкін деген сөз. Сондықтан, бұл өңірдің тұрғындарына ескерту жарияланып, құтқарушылар жағдайды күні-түні бақылауда. Ал, Үкімет, әзірге тек Шығысқа қана қаржылай қолдау көрсетіп отыр.

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

-Қосымша 2 миллиард теңге бөлінетін болады бұл облысқа. Бақыт Тұрлыханұлы шешімдерді шұғыл түрде дайындаңыз. Асқар Ұзақбайұлы, жалпы республика бойынша осы күрделі мәселенің барлығы сіздің бақылауыңызда.

Сондай-ақ, бұған дейін Төтенше жағдай қызметкерлерінің тасқынмен күресуге техникасы жетпей жатқаны айтылған. Бұл мәселені бүгін Ішкі істер министрі де көтеріп, қажетті техниканы сатып алу үшін 4  миллиард теңге қажет екенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде