{metadescription}
Солтүстік тұрғындары кез-келген мұражайға тегін кіретін болды
Солтүстік тұрғындары кез-келген мұражайға тегін кіретін болды

Солтүстік тұрғындары кез-келген мұражайға тегін кіретін болды

Жергілікті билік өкілдері бәрібір көне жәдігерлерді көрсету арқылы қазынаға табыс түсе қоймаған соң, мекемеге елді ақысыз кігізуді ұйғарған. Бастаманың нәтижесі де жаман емес дейді ондағы мамандар. Яғни келушілердің қарасы көйбейген. 

Аймақ жұртына мұражайларға тегін кіру мүмкіндігі берілгенімен, мекемеге кіре берісте ондай жазу байқалмайды. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, ел-жұртқа осындай жаңашылдық жөнінде әлеуметтік желі арқылы айтылған. Содан кейін келушілердің қарасы көбейіпті.  

Мейрамгүл Әбуова, СҚО Өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі:  

-Мұражайымызға келушілердің саны арта түсті. 20 пайызға дейін деп айтсақ шатаспаймыз. Және де келген қала жұртшылығы, ризашылықтарын білдіріп кетіп жатты

Жалпы, көне жәдігерлерді тамашалау құны онсыз да қымбат емес-тін. Өңірдегі ең ірі тарихи-өлкетану мұражайының өзіне кіру ақысы үлкендерге 400, балаларға небәрі 200 теңге. Ал жергілікті суретшілердің туындылары көрсетілетін музейлерде билет бағасы тіптен төмен.

Орал Жахин, Бейнелеу өнері мұражайының басшысы:

-Халық күнде келеді. Сол халыққа айтамын келіңіздер, көріңіздер. Бізде суреттер бар. Қол өнерлері бар,соған шақырамыз.

Өңірдегі барлық музейдің билет сату арқылы түсіретін жылдық табысы небәрі 6 млн. теңге болған. Енді әкімдік оған тегін кіргізу туралы бастама көтерген соң, бұл қаражаттың орны облыс қазынасынан толтырылатын болды. Айта кеткен жөн. Мұражайды аралау тегін болғанымен, ондағы көрсетілетін қызмет түрі ақылы. Яғни көне жәдігерлермен таныстыру, ғимарат ішінде қалта телефонымен суретке түсу де тегін емес. Бұл жағы қатаң бақылауда болмақ.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.