{metadescription}
Алматы облысында жол бойындағы қоршауларды ұрлап сатып жүргендер ұсталды
Тәртіп сақшылары ұрыларды қылмыс үстінде қолға түсірген. Темір жақтаулар жол-көлік апатының алдын алу үшін қауіпті аймақтарға орнатылады. Ал оңай олжаға кенелгісі келгендер мемлекеттің мүлкін кесіп алып, темір өткізетін жерге тапсыратын көрінеді. Күдіктілер кезекті қылмысы үстінде құрықталды. Бұл жолы олар 102 метр қоршауды алып келіпті. Бұндай темірдің бір метрі тоғыз мың теңге тұрады. Яғни, қылмыстық топ бір миллион теңгенің мүлкін қолды қылған.
03.04.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...