{metadescription}
Астананың түтінін арнайы құрылғылармен өлшемек
Астананың түтінін арнайы құрылғылармен өлшемек

Астананың түтінін арнайы құрылғылармен өлшемек

Қала басшылығы жаңа жобаны қолға алып жатыр. Жыл аяғына дейін қала бойынша электронды қондырғылар орнатып, қай жерден қою түтін будақтап жатқанын анықтап отырмақ. Ал шектен асқандарын жаппай айыппұлмен жазаламақшы.  Әкімдік осы бастама  арқылы қала экологиясын жақсартуды көздейді . Бірақ, бұған қыс бойы тонналап көмір жағатын жер үйдегілер  тегіс қарсы. Тың идея жұртқа неге жақпады?

Қазақстандағы бүкіл экологиялық ұйымдардың басын біріктірген қауымдастық бас болып Астананың экологиясын сауықтыру кешенді жоспарын жасапты. Оған қала әкімдігі де атсалысыпты. Ауқымды жоба 2018-2020 жылдарға арналған. Соның ішінде қалада қай жерде қою түтін шығып жатқанын онлайн түрде анықтау жобасы бар екен.

Елдос Абақанов, Қазақстандағы экологиялық ұйымдар ассоциациясы басқарма төрағасының орынбасары:

-Астана қаласында гис система, онлайн бақылау жүйесі, соны енгізуге осы жылдың ішінде сондай жұмыс атқарамыз. Яғни, мысалы түтін пайда болғанда онлайн карта арқылы қай жерде түтін пайда болды? Ол қалаға қалай әсер етіп жатыр? Қанша көлемде шығын шығарып жатыр? Соның бәрін онлайн түрде немесе арнайы гис система арқылы тексеріп, сондай жұмыстар атқарылатын болады.

Елорданың жер үйлер орналасқан аумағында көбіне Қаражыра көмірі қолданылады. Ол мұнай өнімдеріне бай майлы болғандықтан түтіні көп. Енді олардан шығатын түтінді арнайы қондырғымен өлшеп, тиісті нормадан асқандарын жазалауды көздейді.

Қосман Айтмұхаметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

-65 стационарлық станциялар орнатамыз деп жатырмыз. Ол жоспарланып қойған. Соны жылдың аяғына дейін жоспарды орындаймыз деп өзімізге сондай мүмкіндік қойып жатырмыз.

  • Жеке секторға айыппұл  салына ма?
  • Ол стандарттар әлі жоқ.
  • Бірақ, ойларыңыз бар ғой?
  • Жоспар бар.

Айналып келгенде айыппұл төлеп сорлайтын сол баяғы халық. Арқаның алты ай аязды қысында көмірден жылу көріп отырғандар әкімдіктің бұл бастамасына наразы. Қала тұрғыны Баян Тілеуқұлов қырық жылдан бері жер үйде тұрып жатыр. Қыс бойы жағатыны көмір. Онысы темір ошағының ішінде маздап жатыр. Қара суықта үйдің шырайын кіргізетін сол. Биылдыққа алған көмірі таусылып, көктемнің ызғарынан өту үшін тағы 2 тонна сатып алғалы отыр.

Баян Тілеуқұлов, Астана қаласының тұрғыны:

-Бір қысқа  10 тонна көмір алам. Ол енді түтін шықпаса тағы болмайды. От жақпасаң тағы болмайды. Үйде кішкентай немерелерім бар. Ең кішкентайы 9 айлық. Ал енді түтін шығармаса, адам қалай отырады?! Менің айына алатын зейнетақым 70 мың. Оны айыппұлына төлеймін бе, әлде от жақпай отырам ба?!

Қала басшыларының айтуына сенсек, Астананың аспанын улап жатқан түтіннің 187 мың тоннасы, яғни, 37 пайызы қала іргесіндегі екі жылу электр станциясынан шығып жатыр екен. Ал 53 пайызы көліктердің еншісінде.

-Сондықтан, қала әкімдігі ауа тазалығын жақсарту үшін Ішкі істер министрлігіне көліктерден шығатын түтінге шекті мөлшерді қайтадан енгізу жөнінде ұсыныс жасап отыр.  Темір тұлпарларға қатысты көміртегі газының нормалары деген талап бұрын бізде болған. Бірақ, кейін алып тастаған еді. Егер министрлік жаңа ұсынысты құптайтын болса, ел аумағындағы түтіні будақтаған ескі машиналарға  жол полицейлері қайтадан қырғидай тиеді деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде