Ұстаздардың жалақысын өсіруге қанша қаржы жұмсалатыны белгілі болды
Бюджеттен ол үшін алдағы үш жылға 62 миллиард теңге бөлінгелі жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
03.04.2018
Сөйтіп, мұғалімдердің еңбек ақысына қосымша 30 немесе 50 пайыз үстемақы төленеді. Бірақ, жоғары жалақы алу үшін ұстаздар алдымен жаппай аттестатциядан өтіп, біліктілігін дәлелдеуі тиіс. Ол Ұлттық біріңғай тестілеу форматында жүргізілмек. 100 сұраққа педогогтар мүдірмей жауап беруі тиіс. Сонда ғана айлықтары өседі. Оның үстіне бұл мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға қажет. Өйткені, Қазақстанда 285 мың ұстаз болса, соның жартысы ғана жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер екен.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
-Мұғалімдерге талаптар қоятын педогогтың кәсіби стандарты бекітілді. Аттестатциядан өткізу жұмысы әзірленіп, талқылануда. Жаңа аттестатциядан өткізуді күзде жаңа оқу жылынан бастайтын болатыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!