{metadescription}
0:000:00
​Ішкі істер министрі тілшілері тергеліп жатқан қос ақпарат құралына қатысты түсінік берді

​Ішкі істер министрі тілшілері тергеліп жатқан қос ақпарат құралына қатысты түсінік берді

Қасымовтың айтуынша, «Форбс Қазақстан» журналы мен «Рател kz» сайтына қатысты тергеу шаралары сот шешімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Медеу аудандық соты іс материалдарын қарап, нәтижесінде арыз беруші көрсеткен барлық дәйектемелер шындыққа жанаспайды және оның ар-намысын таптайды деген шешімге келді. Соған байланысты тергеу басталды. Жеке тұлғалар мен олардың жұмыс орны және тұрғылықты орнында тінту жүргізуге соттан санкция берілді.

Даудың басы бұрын Қаржы министрлігін басқарған, бүгінде кәсіпкер Зейнолла Кәкімжановтан басталыпты. Өзінің айтуынша, екі ақпарат құралы 2015-2017 жылдар аралығында жеке басы мен әулетіне қарсы 70-тен аса негізсіз ақпарат жариялаған. Қазіргі уақытта «Рателдің» бас редакторы Марат Әсіпов пен орынбасары Сапа Мекебаев және тілшісі Анна Калашникова, сондай-ақ, «Форбс Қазақстан» журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротилов осы арыз бойынша тергеліп жатыр. Ал Ақпарат министрі тергеу шараларының барынша жариялы жүргізілуін талап ететінін айтты.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

-Ол бойынша менің әріптесім жауап берген де шығар. Ол тергеу процесіне байланысты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде