{metadescription}
0:000:00
Шығыста үйлер енді мұз құрсауында қалды

Шығыста үйлер енді мұз құрсауында қалды

Әзірге топан судан ең қатты зардап шегіп отырған Шығыс Қазақстанның ауылдарындағы оқушылар сабаққа бара алмады. Көктемгі демалыс аяқталып, төртінші тоқсанда ел қатарлы мектепке баруы тиіс балалар қазір құтқару орындарында жүр. Өйткені үйлерінің шатырына дейін жеткен су қатып, баспаналары мұз құрсауында қалып отыр. Өзен-көлдердегі мұздың да қалыңдығы екі метрден асып кеткен. Бұл да таяу орналасқан он шақты елді мекенге қауіп төндіріп тұр.

Қас қағым сәтте үйдің іші суға толып кетті деп зар еңіреп отыр Зубов ауылының тұрғындары. Жұрт шиттей балаларымен арнайы құтқару бекетінде тұрып жатыр. Жұрт суда қалған үйлеріне алаңдаулы. Қызыл су қайтпайынша баспаналарына жақындау мүмкін емес. Ал Людмиланың көршісі Николай болса былтыр ғана салып біткен су жаңа үйін айналшақтап кете алмай жүр.

Николай Васильев:

- Тас болып қатып қалған. Суға тигеннің бәрі қатып жатыр. Картоп енді пайдаға жарамай қалды. Дүние мүліктің бәрі құрыды.

Зырьян ауданында төрт жүзге жуық үйді су басып қалған. Таудағы қар тез еріп, өзендер арнасына сыймай тасыпты. Бірақ бұл қасіреттің тек басы еді. Ауа райы күрт суытып, температура минус 15 градусқа дейін түскенде жағдай тіптен қиындады.  Көлкіген су мұзға айналып, үйлердің бәрі қатып қалған. Аудан орталығының өзінде 105 үй зардап шексе оның сексені мұз құрсауында жатыр. Жергілікті құтқарушыларға көмекке Оңтүстіктен және Павлодардан мамандар тартылған.

Нұржан Тоқсейітов, Зырян ауданының әкімі:

- Бүгінде аудандағы жағдай қалыпты. Бұқтырма өзеніндегі судың деңгейі түсіп келеді. Біз жолды, көпірлерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Барлық нысандар штатты режимде жұмыстарын жасауда.

Бұқтырмадағы мұздың қалыңдығы екі метрден асады. Қазір жағдай қалыпты болғанмен күн жылынса тасқынның екінші толқыны басталары анық. Сондықтан арқаны кеңге салуға әлі ерте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.