Таразда құрсақта шетінеген шақалақтың өліміне дәрігерлер кінәлі болмай шықты
Жүргізілген сараптама, сәбидің инфекциядан өлгенін дәлелдеп берген. Бұл туралы, облыстық перинаталдық орталығының басшылығы хабарлады
Автор: Руслан Әбдіхалық
04.04.2018
Өткен аптада Меркі ауданындағы Тәтті ауылының тұрғыны Таңшолпан Қалыпова жарық дүниені көрмей жатып ажал құшқан перзентінің өліміне ақ халаттылар кінәлі деп шу шығарған болатын. Қайғыдан қара жамылған ана, бұл жағдайға дәрігерлердің салғыртты себеп деген. Яғни ол, дер кезінде кесір тілігі жасалмағанын айтқан. Бірақ, сол кездің өзінде облыстық перинаталдық орталығының басшылығы өздеріне шаң жуытпаған еді. Ал құрсақтағы шақалақтың қанға тұншығып қалуын бала жолдасының ерте ажырауынан көрген. Дегенмен, қайғылы жағдайдың нақты себебі сараптамадан соң белгілі болады деп құтылған. Енді тексеру қорытындысы бойынша сәбидің анасының бойындағы инфекциядан көз жұмғаны анықталыпты.
Шолпан Жапарқұлова, Жамбыл облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары:
-Сараптамада ұрықтың айырша безінің ұлғаюы көрініп тұр. Тимамегалия, бұл деген ұрықтың бойында инфекция бар болса, сол ұлғаяды. Ұрықтың шетінеуіне осы инфекция бірден бір себеп болып отыр деп ойлаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!