{metadescription}
Алматыда ерекше өнерімен танылған актер балаға шұғыл қаржылай көмек қажет
Алматыда ерекше өнерімен танылған актер балаға шұғыл қаржылай көмек қажет

Алматыда ерекше өнерімен танылған актер балаға шұғыл қаржылай көмек қажет

Үлкен экранның кішкентай жұлдызы Кореяда өмір үшін арпалысуда. Жаны қиналған 10 жасар алматылық актер балаға диагноздың өзі әрең қойылған. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы асқазан ауруынан емделіп, оның денсаулығы әбден нашарлап кетіпті. Сөйтсе, Айбек Жебеген қатерлі ісік дертіне шалдыққан екен. Мұны жіті зерттеу жүргізген шет елдік мамандар анықтаған.

Венера Оңалбаева, науқастың анасы:

-Іші қатты ауырған соң, емханаға алып барғанбыз. Екі дәрігер қарады. Екеуі де гастрит деді. Сөйтіп, емін жазды. Бірақ көмек берген жоқ.

Отандық дәрігерлердің ем-домынан түк пайда болмаған. Тіпті, науқас жан сақтау бөлімінен бір шығыпты. Кейін баланың өкпесіне көп көлемде сұйықтық жиналғаны белгілі болды. 1 тәулікте одан 4 литр су алынған. Бірақ, мұның сырын ешкім біле алмады. Қатерлі ісік дертіне күмән болғанымен, біздің мамандар диагнозын дөп басып айтпапты. Амалсыз, хәл үстінде жатқан Айбекті жақындары шұғыл түрде Кореяға алып кетті. Онда жасөспірімнің лимфома дертіне шалдыққаны нақтыланған. Алайда, бұл аурудың түрі көп. Кішкентай актерге оның қайсысы жабысқаны әлі де зерттеліп жатыр. Баланың өмір сүруге құштарлығы жоғары. «Дауасыз дерт болмайды» деген ата-анасы да үміт үзбейді. Алайда, қаржы жағынан қиындыққа тап болған. Өйткені, дертін дәл тапқан кореялық мамандарға қазірдің өзінде 50 мың доллар қарыз. Әрі қарай ем қабылдау үшін де қыруар ақша қажет. Сондықтан, олар жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.

«Kaspi Bank» АҚ, KZ65722R000024086441

БИК: CASPKZKA

БИН: 971240001315

Оналбаева Венера Наркузыевна, ЖСН 770214402431

Qiwi әмиян: 8 707 720 71 60

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде