Алматыда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өткізілді
Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған байқау осымен он төртінші рет өткізілуде. Дәстүрге айналған шараға 156-ке жуық жоба келіп түскен.
05.04.2018
Биылғы жәрмеңке озық технологиялар мен жаңа инновациялар тақырыбына арналады. Мұнда қолданбалы өнерден бастап, спорт, зияткерлік ойындар мен психологиялық жәрдемнің түрлеріде қойылған. Үздік деп танылған қатысушылар «Жаңғыру», «Әлеуметтану», «Эволюция» номинациялары арқылы марапатталады. Қазақстанның әр аймағынан келген үміткерлердің басты мақсаты табыс көзін ашып, қоғамның аз қамтылған мүшелеріне көмек көрсету. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған 50 шақты үкіметтік емес ұйымдардың бағдарламасына ақша бөлінетін болады.
Ғани Абадан, байқауға қатысушы:
- Ұсынған жобамыздың аты «Қазақстанда стартапты ашудың жолдары» кітабы. Сол кітапты шығарып біз мектептерге және жоғарғы оқу орындарына таратамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!