{metadescription}
КТК -да жаңа жоба: Ел алдында бойдақтар жар, енелер келін таңдайды
КТК -да жаңа жоба: Ел алдында бойдақтар жар, енелер келін таңдайды

КТК -да жаңа жоба: Ел алдында бойдақтар жар, енелер келін таңдайды

Арнамыздың су жаңа реалити-шоуы еліміздегі бақытты отбасылар санын арттыруға бағытталған. «Кел, келінім!» деп аталатын тың бағдарлама алдағы дүйсенбіден бастап көрерменге жол тартады.

Онда қалыңдық іздеп келген 4 сұр бойдақ бар. Ал, үміткер қыздар алдымен енелердің қатал сынағынан өтеді. Қатысушы жігіттердің аналары ұнатқан 8 ару ғана жобаны әрі қарай жалғастырып, өзара бақ сынасады. Соңында бойдақтар теңін тауып, той болуы тиіс. Реалити-шоу болғандықтан, онда тосын жағдайлар көп болады. Ендеше, тоғызыншы сәуірден бастап қызыққа толы «Кел, келінім» жобасын көріңіздер. Ол эфирге дүйсенбі-жұма аралығында күндізгі сағат 3-тен 6-ға дейін шығады. Ал, қыз таңдай келген серілер мен аналар осы аптада таныстырыла бастады. Төртінші қатысушы жұптың өмірбаянын ертең сағат 17:20-да көре аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде