{metadescription}
Көкшетауда жас хоккейшілердің ата-аналары шу шығарды
Көкшетауда жас хоккейшілердің ата-аналары шу шығарды

Көкшетауда жас хоккейшілердің ата-аналары шу шығарды

Көкшетауда жас хоккейшілердің ата-аналары жергілікті спорт саласындағы шенеуніктерге өкпелі. 200-ге жуық бала қатысатын хоккейге басшылар жанашырлық танытпай отырған көрінеді. Бурабай спорт кешені салынып, онда мұз айдыны пайдалануға берілгелі бері өңірде хоккей бұқаралық сипат алған. Бірақ балалардың тар жерде киініп, одан қалса, мұз айдынына  таласып жүргені жанға батады дейді ашынған ата-аналар.

Жас хоккейшілердің ата-аналары әбден жанға батқан соң жағдайды ашық айтуға шыққан. Таяқтарын ұстаған 200-ге тарта бала күн сайын осы Бурабай спорт кешеніндегі мұз айдынында жаттығады. Хоккей олар үшін балалық шақтың бір бөлшегіне айналған. Әйтсе де, жеткіншектердің спортқа деген ынтасы кеміп, жігері жасып қала ма деп қорқады ата-аналары. Басқасы басқа, мұнда жаттығу үшін берілетін уақыт та тығыз.

Борис Толгуров, Көкшетау қаласының тұрғыны: 

-Осы сияқты жайттарды ашып айтатын уақыт жетті. Спорт кешені 10-шы маусымды өткізіп жатыр. Мұз айдынын жалға алсақ та,  таласып жүргеніміз. Балам осы спортты таңдады. Жетістіктері де бар. Бірақ мында не киім шешетін орын жоқ, не жаттығатын зал берілмейді.

Шынымен хоккейшілердің киім ауыстыратын жері, міне, мынадай жағдайда екен. Бұның өзін қоқыстан ата-аналар тазартып, өз қолдарымен мына тақтай орындықтарды орнатқан. Тіпті балалардың чемпионаттарға қатысып алған кубоктарын қоятын жер жоқ.

Мұның барлығын спорт басқармасына қарасты Бурабай спорт кешенінің басшылары әдейі істеп отыр, олар 2014-ші жылдан бері «Арлан» хоккей клубында тәрбиеленіп жатқан балаларды енді өздеріне қайтарып алғылары келеді дейді ата-аналар. Онда «Арланның» кәсіби мамандары спорт басқармасы төлейтін аз жалақыға бармайды екен. Ал кәсіби команда қамқорлығына алғанға дейін жас хоккейшілер спорт кешенінінің қарамағында болған. Сол кезде жауапсыз жаттықтырушы одан көңілдері қалыпты. Бірақ олардың  бұл дүрлігуді бекер деп отыр басқарма басшысы.

Надежда Патюткина, Ақмола облыстық   дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

-Балаларға киім шешетін орынды 3-ші қабаттан бөліп бере алмаймыз. Бұл өрт қауіпсіздігіне байланысты. Бурабай спорт кешені – мемлекеттік мекеме. «Арлан» жеке клуб болғаннан кейін мұз айдынын жалға алады. Мұз айдынын пайдалану уақыты тығыз болғандықтан, қиындықты түсіну керек.

Балаларды хоккей клубынан ешкім тартып әкете алмайды. Өйткені, олардың өзара келісім-шарттары бар екен. Сосын, Көкшетауға тағы бір мұз алаңы керек дейді басқарма басшысы. Қазір жалғыз айдында мәнерлеп сырғанау, шорт-трек сияқты спорт түрлерінен де жаттығатындар көбейген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде