Ақмола облысында алданған жетімдер әкімдікке басып кірмек болды
Ақмола облысында жетімдер наразылық білдірді. Щучье қаласында балалар үйлерінің 38 түлегі осыдан 5 жылдай бұрын баспаналы болғанда, пәтерлер басыбүтін тегін берілді деген сенімде болыпты. Өйткені шенеуніктер солай айтқан. Алайда кейін олар үйдің жалға берілгенін мәлімдепті. Жетімдер содан бері наразылық білдіріп келеді. Бұған дейін осы мәселені айтып, талай мекемеге хат жазып, талай табалдырықты тоздырған олар түк нәтиже шығара алмаған соң, бүгін әкімдіктің алдына жиналып, шу шығарды. Айғайға басқан тұрғындар 2010 жылдан бері елімізде ешкімге де тегін баспана берілмейтінін айтқан...
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
05.04.2018
сшыларды тыңдағысы да келмеді.
-Осыдан 4 жыл бұрын мына көпқабатты жаңа үйден 38 жетім балаға пәтер берілген. Салтанатты жағдайда әкімнің қолынан кілт алған олар баспана тегін берілді деп қуаныпты. Бірақ, 6 айдан кейін әкімдік өкілдері оның жалға берілгендігін айтып, келім шартттарды ұстатып кеткен.
Міне, мынау сол қолдарына пәтер кілтін алған олардың бақыттан жүздері бал бұл жанған кездері. Аудан басшылары да оларды құттықтап жатыр. Кәмелет жасына толып, жетімдер үйінен шыққан соң әркімнің босағасын паналаған жастар дәл сол күні пәтерлердің жалға берілгені жайлы бір сөз де естімепті. Сөйтіп, мемлекеттің берген үйіне жал ақысын төлемей қойған. Үйлеріне төлемақыны өндіру қағаздары келе бастағанда жиылып, наразылыққа шығып отыр. Үйдің төлқұжатын оларға ешкім бермеген, тіпті үйдің жалға берілгендігін түсіндіріп айтпаған сыңайлы. 4 жылдан бері құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған балалар үйінің түлектері енді үйден айрылып қаламыз ба деп қауіптенеді.
Татьяна Николайчук, Щучье қаласының тұрғыны:
-Бізге пәтер бергенде, бәрі керемет болатынын айтты ғой. Жетімдерге сыйлық деді. Төлқұжат аласыңдар деген. Тіпті 5 жылдан кейін жекешелендірілетінін айтты. Әрине, оны ауызша айтты. Енді жалға берілді деп тұр. Неге алдайды сонда бізді?
Қайыргелді Мусин, Бурабай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:
- Бүкіл келісім-шарт жасалға н. Қанша жылға деген шектеу жоқ.Шамасы болған адамдар сатып алуға құқықтары бар.
Жаңа үйдің құрылыс сапасы да сын көтермейді. Алғашқы күннен бастап-ақ жаңбыр жауғанда төбеден су сорғалап, пәтерлер дым тартып мазалары кеткен. Соған қарамастан, пәтерді мемлекет тегін берді деп алданып қалғандарын айтқан жас отбасылар бұған дейін баспаналарын сатып алуға да әрекеттеніп көріпті. Сөйтіп, банктен несие алмақ болған. Алайда көпшілігі табыс көзі төмен болғандықтан ондай мүмкіндікке қол жеткізе алмапты. Ал әкімдіктегілер оларға мән-жайды әу бастан дұрыс түсіндірмеген болып шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!