{metadescription}
​Ақмола облысында асты жұқпалы дерті бар әйел әзірлеген
​Ақмола облысында асты жұқпалы дерті бар әйел әзірлеген

​Ақмола облысында асты жұқпалы дерті бар әйел әзірлеген

Ақмола облысында жаназадан кейін кафеден ас ішкен соң өздерін жайсыз сезінген адамдардың сальмонеллез жұқтырғаны расталды.

Осыдан бір ай бұрын Шортанды кентіндегі дәмханалардың бірінде ас беріліп, содан 58 адам ұшынған болатын. Олардың 15-і ауруханадан бір-ақ шыққан. Қалғаны үйлерінде емделді. Әу баста санитарлар Егемен ауылында асқа деп әзірленген еттің лас үйде туралып, жылы жерде бір тәулік тұрып қалғанын анықтаған еді. Тексере келе, инфекцияның тасымалдаушысы бар екені де белгілі болып отыр. Ол аталған ауылдан екен. Қазір науқастар толық ем-дом алып, үйлеріне жіберілген. Сальмонеллездің таралуына себепкер болған әйел де сауығып шығыпты.

Әсем Төлеубаева, Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

-Эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша, жұқпаның көзі болып бактасымалдаушы табылды. Ол тамақ әзірлеуге, ет пісіруге және жұқа нан пісіруге қатысқан әйел адамның бірі болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде