Ақтөбе облысында болған қайғылы оқиғаның себебі белгілі болды
Ақтөбе облысының Жаңажол мұнай кен орнында болған қайғылы оқиғаға қатысты тексерудің қортындысы жария етілді. Осыдан бір жарым ай бұрын сол жерде екі мұнайшы күкіртті сутекке уланып қалған еді. Соның салдарынан 54 жастағы жұмысшы қаза тапса, екіншісі аман қалды.
Автор: Жаңалық Ахаш
05.04.2018
Мұнай қондырғысын жөндеуге шыққан екі слесарьдың улануына «СиэНПиСи-Ақтөбемұнайгаз» кінәлі болып шықты. Яғни сот-медициналық тексеру жүргізгендер мұнай алпауытын айыптап отыр. Өйткені ондағылар жұмысшыларының қауіпсіздігі үшін жағдай жасамапты. Соның кесірінен техникалық улы су далаға ағып, жұмыс істеп жүрген екеу газдан сол жерде естерінен танған. Біреуі оқиға орнында тілге келместен жан тапсырса, екіншісі 1 ай бойы ауруханаға жатып шықты. Енді олардың отбасына мұнай компаниясы өтемақы төлеуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!