Жабайы базар,кірқожалақ көше! Назарбаев Астананың көріксіз келбетін фотоға түсіріп Исекешовтің бетіне басты
Нұрсұлтан Назарбаев Астананың алқам-салқамы шыққан жерлерін суретке түсіріп алып, бүгін тағы Әсет Исекешевтың бетіне басты. Бұл жолы Елбасының қолында жайылған жабайы базардың, сол жағалаудағы қирауға шақ қалған ескі үйлердің, көліктер бір-біріне міңгескен тұрақтардың фотосы бар. Шенеуніктердің былығын әшкерелейтін айғақтарды Нұрсұлтан Назарбаев Елорданың болашағын талқылауға арналған отырыс кезінде көрсетті.
Автор: Жәудір Оразхан
05.04.2018
-Елбасы Исекешевке бір жыл бұрын да ескі үйлерге қатысты ескерту жасап еді. Қала әкімі президент айтқан кемшіліктерін әлі түземеген бе?
Солай болып тұр ғой. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында Астананың бүкіл кем-кетігі түсірілген фотолар жатты. Президент сол суреттерді бір-бірден алып шығып, Исекешевтің бетіне басты. Мәселен, «сол жағалаудағы ескі үйлерді түгел сүріңдер» деп былтыр да ескерткен. Бірақ оған құлақ асқан ешкім болмаған сынды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Покажите ветхое аварийное жилье. Смотри, прямо внутри города, — показал он акиму Астаны Асету Исекешеву на фото ветхого жилья. — Я тоже проезжаю, смотрю. Наверное, и проблемы есть. Мы каждый раз проезжаем по Кабанбай Батыра ближе к мосту, вот стоял этот дом 20 лет назад, и никто не может снести его с правой стороны. Что за такое?
Қаланың қақ ортасындағы құлап қалайын деп тұрған баспаналардан бөлек, қатарға енді жайылып жатқан жабайы базарлар қосылыпты. Елбасы Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қонақтардың алдында бетін жуғанымен, мойны кір-қожалақ адамдай масқара болмақсыңдар деп , әкімді тағы сөкті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-У вас, смотри, что делается. А в то же время есть много желающих построить нормальные базары, рынки. Это что такое? Это и есть подготовка в 20-летию. Не умыв шею, только лицо умыли. Вот это все закоулки трудные. Посмотрят, скажут: вот, хвалятся городом, смотри, что делается. Это мы только одно-два места увидели, а так во многих частях города. Наводите порядок.
Шенеунуіктер оң жағалаудағы бұл базарды сүруге қожайынына 1 жыл уақыт берген екен. Енді әкімдіктегілер президенттің бүгінгі сөзінен кейін сауда орын тағы тексеріп барары анық. Назарбаевтың қолында көліктер ығы-жығы болып жатқан тұрақтардың да фотосы болды.
-Покажите слайды: бульвар "Нур жол", возле Дома правительства и перед самим акиматом. Смотри . О чем говорит? У тебя перед глазами такой бардак!
-Нурсултан Абишевич, это, наверное, какое-то крупное совещание было. ---Поймали да, тебя.
Президент Астанадғы қайта-қайта құлап, үзіліп кетіп жатқан лифтілерден да хабардар екен. Қала басшысына шаһардағы жедел сатыларды түгел тексеруп шығуды бұйырды. Әкімдікте өткен жиынға премьер бастаған Үкімет мүшелері де түгел келген. Елбасы көзіне түскен Досаев пен Шөкеев те құр қайтпады. Президент қос вице-премьерге «үй тапсырмасын» берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Я много раз говорил, по экономике тебе тоже нужно учесть, посмотреть. Мы еще много завозим продуктов, мясо, колбасу завозим, овощи, фрукты завозим - все завозим, что у нас есть. Может, хлеб тоже завозим? Вот вам двоим домашнее задание. Я понимаю 100-процентно, просто надо организованно заняться.
Айтпақшы, Өмірзақ Шөкеев Астана әкімі болған жылдары Елордада тек баламалы энергиямен жұмыс істейтін квартал саламын деп уәде еткен екен. Назарбаев Шөкеев сол сөзін мүлдем ұмытып кеткенін де есіне салды.
-Сондай-ақ, президент Кемеровадағы жағайдан соң Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарындағы өрт қауіпсіздігін тегіс тексеріп шығуды тапсырды. Ал жаңадан салынатын ғимараттың барлығында балаларға арналған алаңдарын төменгі қабаттан салуды бұйырды. Және Астананың 20 жылдығын ұлан-асыр тойға айналдырмай, халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салуға ғана пәрмен берді. Себебі облыс әкімдері бас қалаға тарту жасаудан қазірден өзара бәсекеге түсіп алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!