{metadescription}
Төтенше жағдай комитеті тасқынға байланысты құтқарушыларды облыстарға жіберіп жатыр
Төтенше жағдай комитеті тасқынға байланысты құтқарушыларды облыстарға жіберіп жатыр

Төтенше жағдай комитеті тасқынға байланысты құтқарушыларды облыстарға жіберіп жатыр

Елімізде су тасқыны қаупі төніп тұрған елдімекендер саны мыңнан асты. Қар мен мұздықтар тез еріп бастаса, бәрі суға кетейін деп тұр.

Төтенше жағдайлар комитеті 5 бірдей аймақта  тасқын қатері сақталып тұрғанын айтып отыр. Яғни, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмылдырылатын 5 мыңнан аса адам мен 800 техника, 180 жүзу құралы және 60 мотопомпа дайын  болып тұр. Қажет болса, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан құтқару бөлімшелері көмекке тартылмақ. Комитет төрағасы күн жылыған сайын телегей су ел аумағын түгел шарпи бастағанын мойындады. Қауіптің алдын алу үшін Қостанай облысында Дәмді өзенінде, Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма өзенінде мұздықтарын динамитпен жарып жатыр екен.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

-Елімізде мыңнан аса елдімекен тасқын қаупінде тұр. Ондағы тасқынның алдын алу үшін жергілікті атқару органдары қыруар жұмыс істеп жатыр. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы табиғи апат салдарын жою үшін 2 млрд теңге бөлінді. Оның 50 миллион теңгесін жаратып та үлгердік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.