КТК-да тұсаукесер: Сериал сүйер қауымға арнап арнамыз жаңа телехикаяның көрсетілімін бастайды
Бұл әдеттегідей қос ғашықтар оқиғасынан емес, анасы мен қызының өштескен текетіресі жайында болмақ. «Женнеттің көз жасы» деп аталатын түрік сериалында бұрын-соңды ешкім көрмеген жаңа актерлер ойнайды.
06.04.2018
Фильм желісі безбүйрек шешенің бейкүнә сәбиін тастап кетуінен басталады. Анасы Арзу бар дүние-мүлікке ие болуды көздеп, тасбауыр әйелге айналады. Арада жылдар өтіп, тастанды қыз Женнет бойжетеді. Университетті үздік бітірген ару кек алуды көздеп анасының алдына барады. Ұзақ жылдар бойы жасаған иттіктерін бетіне басып, өмірін тозаққа айналдыруға уәде береді. Өзара өштесу оқиғасы осы тұста басталады. Сатқындық пен кек қайтару қатар жүретін драмалық сериал алдағы дүйсенбіден бастап сағат 18:00 де арнамыздан көрсетілмек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!