Ақтауда өгей ұлын өлтірген 35 жастағы Тұрсынай Сәрсеноваға қатысты сот басталды
Мойнына 16 жастағы Нұрсұлтан Назарбаевтың қанын жүктеген айыпталушы, оны 20 жерінен пышақтап, денесін сарайға тығып тастаған екен. Тек, жасөспірімнің мәйіті қаңтар айының басында табылған. Ал, қанды қол қатаң жазаға тартылуы тиіс деген туған анасы, өгей шеше Нұрсұлтанға үнемі қорлық көрсетіп келгенін айтады.
Автор: Мақсат Мәлік
06.04.2018
Кәмшат Қожақова, Нұрсұлтанның анасы:
- Соқыр қылмадым деп мойындамай отыр. Бір рет кешірдім, төрт бала үшін. Екіншісінде кешірім деген жоқ қой. Мен тек қана соттан әділ жазасын сұраймын. Басқа ештеңе сұрамаймын. Бір адам өлтірген адам, келсіде қайталуы мүмкін.
Сот-психологиялық сараптаманың нәтижесінде, қолына кісен салынған Тұрсынай Сәрсенованың ақыл-есі дұрыс деп шешім қабылдаған. Алайда, айыпталушының адвокаты қайта сараптама жүргізуді сұрап отыр. Қорғаушылар оның ашу үстінде осындай қадамға барғанына сенімді. Бірақ, өгей шеше баланы өлтіргендігін мойындаған. Енді ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотқа тартылушының туысқандары, қайғылы оқиғаға баланың тағдырын тәлкек еткен екі ана да кінәлі деп есептейді. Ал, өмірі қыршыннан қиылған бала Сәрсенованың күйеуінің бірінші жұбайынан туған екен. Ал, екеуі одан бөлек 4 бала тәрбиелеп келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!