Тікелей эфир: Еліміздегі еркектер даладағы дәретханаға барғаннан бедеу болып жатыр
«Аман-саулық» қорының президенті мектептердегі сыртта орналасқан әжетханалар жігіттерді шетінен ұрпақсыз қалдыруда деп дабыл қақты. Бақыт Түменованың айтуынша, әсіресе оқушылар сыртта дәрет сындырамыз деп суық тигізіп алады. Кейін өскен соң бедеулікке шалдығады екен. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда денсаулыққа қатысты тағы қандай мәселелер көтерілді.
Автор: Жәудір Оразхан
06.04.2018
Мектептердегі далада орнатылған дәретханалар жігіттер үшін аса қауіпті екен. Әсіресе күз, қыс сынды суық мезгілде. Түменованың айтуынша, ер-азаматтар сырттағы әжетханаларда дәрет сындырып ұзақ тұрып қалады. Өскен соң оның азабын шегеді. Сондықтан оқу орындары дәретханаға жауапкершілікпен қараған жөн деп отыр.
Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:
-Адамның денсаулығы дәрігерлердің ғана қолында емес. Оған Денсаулық сақтау министрлігімен қатар басқа да мемлекеттік органдар жауапты болуы тисі. Мәселен, бедеулікке келсек. Бұған түсік жасатқан әйелдер ғана кінәлі емес. Жігіттер мектепте оқып жүргенде даладағы дәретханаларға барады. Сөйтіп жүріп суық тигізіп алуы мүмкін.
Түменованың мәліметінше, қазір еліміздегі ерлі зайыптылардың 15 пайызы бала сүйе алмай отыр. Ал Үкімет жасанды жолмен ұрықтандыруға жылына 900 квота бөледі. Бұл жеңілдік көмекке мұқтаж жанұяларға жетпейді екен.
Қасым Жомарт Тоқаев медициналық жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің біліміне күмәнмен қарап отыр. Себебі сарапшылардың мәліметінше, жас мамандардың көбі жұмысқа жарамсыз.
Қасым Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:
-Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 4 мыңнан астам маманды даярлайтынына қарамастан, осы салада,әсіресе, ауылдық жерлерде байқалып отырған маман тапшылығы бізді алаңдатады. Олардың кәсіби дайындығының саапсы да сұрақ туғызады. Медициналық жоғары оқу орнына қабылданған студенттердің санына емес, сапасына көңіл бөлген жөн.
Сенатта өткен парламеттік тыңдауда мамандар адам денсаулығына қатысты тағы бір ушығып тұрған жағдайды айтты. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны артқан. Жылына 36 мың науқасқа рак деген диагноз қойылады да, оның 15 мыңы қайтыс болады екен. Әйелдер арасында сүт безі обыры көп тараған. Еерлер көібне өкпе, асқазан рагіне шалдығады. Ең өкініштісі, жаман дертке душар болғандардың басым бөлігі жастар мен орта жастағы азаматтар. Қатерлі ісіктен көз жұмғандар, әсіресе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарында көп. Ал бұл аурумен күресетін онкологтар жетіспейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!