{metadescription}
Алматыда кешегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек берілетін болды
Алматыда кешегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек берілетін болды

Алматыда кешегі алапат өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек берілетін болды

Алайда ол тек бір жолы ғана төленетін әлеуметтік жәрдем ғана боп тұр. Ал өрттің кесірінен далада қалған отбасылардың баспанасын қалпына келтіру мәселесі ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені шенеуніктер демеушілердің көмегіне сеніп отыр. 

Санжар Тоғаев, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:
-Енді қазір көмек жағын қарастырамыз. Әкім тапсырмасы бар. Ең алдымен біз шатырын жөндеп алуымыз керек. Кейін бизнесмендер бар, қаражат бөлінгенге байланысты қандай да көмек көрсетуге тырысамыз. Ешкім көмексіз қалмайды.

Барлығы 19 пәтер өртенген. Оның 9-ының түгі қалмапты. Түнде үйлерін тастай қашқан тұрғындар онда енді ғана оралып жатыр. "Көкжиек" ықшамауданында отқа оранған бұл үйлер мемлекеттік бағдарламамен ипотекаға берілген екен. Әрқайсысы кемі он жыл бойы ай сайын банкке ақысын төлеп отырған. Кезегін күтіп әрең дегенде қолы жеткен баспанасын енді жұрт қалай қалпына келтірерін білмей дал. Оның үстіне, белгілі болғандай от шалған 6-шы қабат о баста бағдарламаға кірмеуі тиіс болған екен. Ал құтқарушылардың сөзіне сенсек, мемлекеттік бағдарламамен берілген мансарды тез тұтанғыш материалдан тұрғызылған. Мұны естіп алған тұрғындар сапасыз салынған үйден бас тартып, жаңасы берілуін деп талап етіп отыр.       

Ләззат Батырхан, зардап шегуші:
-Мемлекетімізге істеп жатырмын ғой өмірбақи міне мұғалім боп келе жатырмын. Сонда мемлекетім өзімді алдап отыр ғой.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде