{metadescription}
Ақтөбеде тележүргізуші әйелдің лифттегі өлімінен кейін жаппай тексеріс басталды
Ақтөбеде тележүргізуші әйелдің лифттегі өлімінен кейін жаппай тексеріс басталды

Ақтөбеде тележүргізуші әйелдің лифттегі өлімінен кейін жаппай тексеріс басталды

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізуші әйелдің лифттегі өлімінен кейін пәтер иелері кооперативінің басшысы мен механик тергеліп жатыр. Бірақ оларға қандай айып тағылғаны немесе күдіктілер қатарына қосылған-қосылмағаны белгісіз. Тәртіп сақшылары ол туралы жақ ашпай отыр.

Қайғылы оқиғадан соң аймақта арнайы комиссия құрылған. Олар өңірдегі барлық лифтті тексеріп шығады. Қазір Ақтөбеде 700 жеделсаты жұмыс істеп тұр. Бірақ екі жүзінің тозығы жеткен. Ескірген лифттердің сымы үзіліп, жиі істен шығады екен. Бірақ олардағы қауіпсіздікті бұған дейін ешбір мекеме тексермеген. Өйткені бақылауды ешқайсына жүктемепті. Айта кетелік, Ақтөбеде көпқабатты үйдің лифтінде тележурналист әйел қаза тапты. Айзат Әбдісаматтың аяғы жеделсаты есігіне қысылып, төмен сүйреп кеткен. Марқұмның үш жасар қызы анасының қиналған сәтін көзімен көріпті. Оқиға болған жеделсаты қазір істемей тұр. Тұрғындар да оның қасына жолауға қорқады. Мамандар тергеу біткенше оған тиіспейтіндерін айтады.    

Қайсар Сабыров, «Жаңабек сервис» ПИК директорының көмекшісі:

-Тергеу органдары жұмыстары біткенше бұл лифт қосылмайды. Қалай тергеу бітеді сол кезде ғана бұл лифтіге шешім қабылданады. Тергеушілер директордан, осы лифтіге жауапты механикке сұрақтар қойып, уже қабылдады жауаптарын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде