{metadescription}
Астанада иттерге жапай чип орнатылып жатыр
Астанада иттерге жапай чип орнатылып жатыр

Астанада иттерге жапай чип орнатылып жатыр

Жеті қазынаның бірі болып табылатын иттің тыныс –тіршілігі де өзгерісті бастан кешіргелі отыр. Астанадағы төрт аяқтылар енді адамдар секілді жеке сәйкестендіру нөміріне ие болады. Өйткені, қаладағы құзырлы мекеме үй жануарларына жаппай чип орнатуды қолға алды. Ине арқылы тері астына салынатын  чипте иттің лақап атынан бастап қожайынына дейін толық мағлұмат сақталуы  тиіс. Енді ит аулағыштар көшедегі қаңғыбас мақұлықты ұстап  әкетпес бұрын алдымен оның мәлімет базасын тексеріп, иесінің бары - жоғын анықтайды.

Астанада көше кезген қаңғыбас иттер көп. Тіпті, кейбірі адамға шабады. Сондықтан төрт аяқтыларды аулаумен айналысатын қызметте күні-түні тыным жоқ. Тәулігіне ондаған итті ұстап, мына уақытша қамау орталығына жеткізеді.

Төрт аяқтыға толы орталықта 400-ден астам үй жануары бар. Қаңғып жүрген жерінен ұсталғанымен,көбінің қожайыны бар. Бірақ, олардың кім екенін білу қиын.  Ал, осында әкелінген  жануарлар  еріксіз торға қамалып, кейін күтушілер   екпе егіп өлтіретін. Енді олардың өмірін сақтау үшін жаппай чип орнатылып жатыр.

Ерлан Зікібаев, «Астанаветсервис» мекемесінің бөлім басшысы:

-Әр адамның өзінің қалауы бойынша, чип салынады. Оның қажеттілігі, мысалы біз қаңғып кеткен иттерді аулаймыз ғой, оның ішінде егер сканер арқылы тексерген кезде иесі болатын болса, онда оның иесіне қайтарамыз.

Сондықтан, мекеме қызметкерлері әсіресе, жеке сектордағы жер үйлерді аралап, иті бар тұрғындарға тегін чипті орнатуды ұсынып жүр. Әзірге 500-ден астам төрт аяқтыға осындай жеке нөмір беріліп, бақылауға алынған. Әрі орталыққа жеткізілген қаңғыбас иттерге де чип салынған. Өйткені, осындағы үй жануарын біреу асырап алғысы келсе немесе иесі табылса, ит жеке нөмірмен беріледі.

-Мысалы мына итке чип орнатылған. Қазір сканердің көмегімен оның жеке нөмірін анықтап көрейік. Тексеріп көріңіз аға. Шықты ма?

-Міне мынау бос тұр. Егер жақындатсақ, чип шығады. Бұл иттің нөмірі. Біздің ИИН сияқты.

Әзірге мұндай нөмір тек астаналық иттерге ғана беріліп жатыр.

Ол үшін қалалық бюджеттен 4  миллион бөлініп,  6 мың чип сатып алыныпты. Кейін төрт аяқталырдың ортақ базасын құру да жоспарда бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде