{metadescription}
Еліміздің бас онкологі ет жеуді азайтуға кеңес берді
Еліміздің бас онкологі ет жеуді азайтуға кеңес берді

Еліміздің бас онкологі ет жеуді азайтуға кеңес берді

Елімізде бедеуліктің себебі даладағы дәретханаға барғаннан болып шықты Әсіресе,бұл дертке ауылда тұратындар мен әжетханаға сыртқа шығатын жеткіншектер жиі шалдығады екен. Өйткені, мектеп оқушылары сыртта дәрет сындырамыз деп қуығына  суық тигізіп алады.   Кейін өскен соң бедеулікке шалдығады екен. Тұрғындардың денсаулығында тағы қандай кінарат бар?

Қоғамдық белсенділердің айтып отырғаны мектептердің аумағындағы мынадай дәретханалар. Бетон  қабырғадан салынған әжетханалар ауылдық жерлердегі  білім ордаларында әлі күнге дейін бар. Олар ұл-қыздар үшін аса қауіпті екен. Әсіресе аязды қыста. Өйткені үнемі сырттағы әжетханада дәрет сындыратын  жасөспірімдер   суықтап  қалады. Өскен соң оның азабын шегеді. Сондықтан мектеп басшылары дәретханаға жауапкершілікпен қараған жөн дейді.   

Бақыт Түменова,  «Аман-саулық» қоғамдық қорының  президенті:

- Жылы әжетханалар жоқ ауылдық жерде. Өзіңіз барып көріңізші,  үлкен құлып тұрады. Балалар далаға жүгіреді. Сондықтан қыз балалар суық өткізізіп бедеу болады. Сосын ЭКО іздеп жүреді.

Яғни, жылы дәретханалардың қызығын  ұстаздар мен мектеп басшылары ғана көреді дейді Түменова. Қазір еліміздегі ерлі-зайыптылардың  15 пайызы бала сүйе алмай жүр. Көбісі ауыл тұрғындары. Шалғай жерде әжетханада далада болғандықтан оларда қуығына суық өткізіп алады екен. Ал Үкімет жасанды жолмен ұрықтандыруға жылына 900 квота бөледі. Бұл жеңілдік көмекке мұқтаж жанұяларға  жетпейді.  Ал Қасым Жомарт Тоқаев медициналық жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің біліміне  күмәнмен қарап отыр. Себебі, қазіргі жас мамандардың көбі жұмысқа жарамсыз . 

Қасым Жомарт Тоқаев, Сенат төрағасы:

-Медициналық жоғары оқу орындары жыл сайын 4 мыңнан астам маманды даярлайтынына қарамастан, осы салада,әсіресе,  ауылдық жерлерде  байқалып отырған маман тапшылығы бізді алаңдатады. Олардың кәсіби дайындығының саапсы да  сұрақ туғызады. Медициналық жоғары оқу орнына қабылданған  студенттердің санына емес, сапасына көңіл бөлген жөн.

Сенатта өткен парламеттік тыңдауда мамандар адам денсаулығына қатысты тағы бір ушығып тұрған жағдайды  айтты. Елімізде қатерлі ісікке шалдыққандар саны  артқан. Жылына 36 мың науқасқа  рак деген диагноз қойылады да, оның  15 мыңы қайтыс  болады екен. Еліміздің бас онкологы тұрғындарға жаман аурудың алдын алуға бірқатар кеңес берді.

Диляра Қайдарова, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры:

-Адамдар қызыл еттен бас тартса,  ішек рагы азаяды. Еліміз  әйелдер мен ерлер арасындағы  ішек рагы бойынша бесінші орыннан үшінші орынға шықты. Ал тұзды тұтынуды азайтсаңыздар, асқазандағы қатерлі ісіктен құтыламыз. Бауыр рагын болдырмау үшін вакцинамен гепатит Б-ның алдын алу керек.

-Әйелдер арасында  сүт безі обыры көп тараған. Ерлер көбіне  өкпе, асқазан рагіне шалдығады. Ең өкініштісі, жаман дертке душар болғандардың   басым бөлігі жастар мен орта жастағы азаматтар. Қатерлі ісіктен көз жұмғандар,   әсіресе, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Солтүстiк және Шығыс Қазақстан облыстарында көп. Ал  бұл аурумен  күресетін  онкологтар  жетіспейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде