{metadescription}
​Әсет Исекешев оқыс жағдайда қалай қимылдады?
​Әсет Исекешев оқыс жағдайда қалай қимылдады?

​Әсет Исекешев оқыс жағдайда қалай қимылдады?

Астана қаласының әкімі кинотеатрда жұрт қатарлы кино көріп отырған болатын. Кенеттен дабыл қағылғанда ол қалың елмен бірге шығар есікке ұмтылды.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшылары әкімді қай есіктен алып шығарын білмей аздап әуреге салды. Бірақ, бұл жаттығу болғандықтан, қала басшысы асып-сасқан жоқ. Апатты жағдай жарияланған сәтте ғимараттағы бүкіл адам сыртқа шығарылды. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің 13 техникасы мен 30-дан астам құтқарушы іс-шараның жаттығу екеніне қарамастан, бүкіл құрал-жабдығын іске қосты. Кейбіреулерді ғимараттың төбесінен де құтқарып жатты. Сауда орталығының да жаттығу жиынына әбден дайындалғаны көрініп тұр. Күзет қызметі дереу жұртты ғимараттан әкетіп, барлық есіктерді ашып қойды. Әйтсе де құтқарушылар бәрібір  аз-кем шикіліктің бар екенін айтып қалды.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

-Аздаған кемшіліктер бар. Жаттығу қорытындысы бойынша бұл жайттар ескеріледі. Ел аумағындағы мұндай сауда үйлері аумағы мен келетін адамдар санына қарай жоғары деңгейлі шақыру кестесіне жатады. Сондықтан барынша тырыстық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде