{metadescription}
Алматыда өртенген үйдің шатыры тұрғындарға заңсыз бөлінгені анықталды
Алматыда өртенген үйдің шатыры тұрғындарға заңсыз бөлінгені анықталды

Алматыда өртенген үйдің шатыры тұрғындарға заңсыз бөлінгені анықталды

Шатырды тұрғын-үй қылып халыққа сатқан! Алматының "Көкжиек" ықшам ауданында кеше отқа оранған үйдің 6-шы қабаты заңсыз салынған болуы мүмкін. О баста бес қабатты болуы тиіс үйдің шатырын мердігер компания мансардқа айналдырып, онысы мемлекеттік бағдарлама арқылы кезекте тұрғандарға үлестіріп берілген. Мұның қаншалықты рас екендігін аудандық атқамінерлердің өздері білмей отыр. Ал ең сорақысы сол жалын шарпыған алтыншы қабат түгелдей жанғыш материалдардан салынған болып шықты.

Бірінші қабаттың балконынан тұтанған от лезде жоғары тарап кеткен. Ләззат Батырхан ол кезде үйінде алаңсыз отырыпты. Келіншекті көршілері хабарлап құтқарып қалған. Енді бүгін келсе, құжаттарына дейін өртеніп кетіпті.               

Ләззат Батырхан, зардап шегуші:

-Осы үйде бақытты өмір сүрдік! Қаншама дүние, ыдыс-аяқ, мүлде міне жарамсыз.

Ләззатың үйімен бірге барлығы 19 пәтер жанып күл болған. Қала басшысы тез арада өртенген үйлерді қалпына келтіруді тапсырды. Алайда, бұйрықтың биыл орындалмайтын түрі бар. Өйткені, Бәйбектің сенген атқамінерлері демеушілерге арқа сүйеп отыр.

Санжар Тоғаев, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:

-Бизнесмендер бар, қаражат бөлінгенге байланысты қандай да көмек көрсетуге тырысамыз.

Ал бұл пәтерде екі бірдей отбасы тұрған екен. Екі жанұя да міне осы ас үйде тамақтанып, осында ойнап-күліп кешкі астарын сол кезде ішіп отырған. Бірақ қазір мұнда барлығы түгі қалмай өртенген. Тек өрттен аман сау қалғаны мына 10 шақты жұмыртқа мен кішкентай баланың бөтелкесі ғана.

Бір қызығы сол, жалын тек 6-шы қабатты ғана шарпыған. Тіпті, болаттай берік деген балконына дейін еріп кеткен. Ал басқа қабаттар анау айтқандай көп бүлінбеген. Бұл кемшілікті тұрғындар енді байқаған. Ал сапасыз құрылыс жайлы сұрақтардан сескенді ме аудан әкімі сөйлеуге «құлқым жоқ» деп тұра қашты.  

Мен  КТК-мен сөйлескім келмейді.  Өйткені сөйлесуге зауқым жоқ,сіздермен!

Көңіл қошы болса ғана сөйлесетін әкім осылайша сұхбаттан үзілді кесілді бас тартты. Бастығының қалауын қабағынан білген орынбасары басшы орнына жауап беруге келісе кетті.

Санжар Тоғаев, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:

-Бұл енді мемлекеттік комиссиямен іске қосылған үй ғой. Дұрыс емес ақпарат айтылып жатыр мұнда. Ол  5 қабат  болған, акт бойынша бойынша 6-қабатты пәтерлі үй.

Ал басқа орынбасарды уәжі мүлде басқа.

Ернат Бәзіл, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары:

-Білмеймін шын айтам, бере алмаймын...мен примерно сұрап көріңіз деп отырмын...мен білмеймін....Мен просто естігенмін, что бұлар 5-этажды үй салу керек болғанын, ал онысын білмедім енді...

Алтыншы қабат туралы екі орынбасардың таласына ақыры төтенше жағдай қызметкері нүкте қойды.

Асқар Жаманқұлов, Алматы қалалық ТЖД жедел кезекшінің орынбасары:

-6-шы  қабат мансард қабаты боп есептеледі. Мансардты қабаттың ерекшелігі сол өте тез жанғыш.

Яғни, шатырды халыққа тұрғын-үй қылып сатқан дейді тұрғындар. Мұнымен қоймай, ағаштан салынған мансард мемлекеттік бағдарлама арқылы кезекте тұрғандарға ипотекамен берілген.

Ләззат Батырхан, зардап шегуші:

- Өмірбақи  мұғалім боп келе жатырмын. Сонда мемлекетім өзімді алдап отыр ғой.  Кәдімгі гос программамен алып жатқан адамдар сияқты 2-5 этаж арасындағы үйден нормальный жанып кетпейтіндей нормальный үй берсін деп айтам және соны талап етем.

Осылайша шатырдың мемлекеттік бағдарламаға қалай еніп кеткені әзірге белгісіз. Кезегін күтіп әрең дегенде қолы жеткен баспанасын енді жұрт қалай қалпына келтірерін білмей дал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде