{metadescription}
Төтенше жағдай комитеті сауда орталықтарындағы біраз былықты әшкере етті
Төтенше жағдай комитеті сауда орталықтарындағы біраз былықты әшкере етті

Төтенше жағдай комитеті сауда орталықтарындағы біраз былықты әшкере етті

Шығар есіктер жабық, өрт сөндіру жүйесі істемейді. Қапыда от тұтана қалса, қашып шығу неғайбыл. Ірі сауда үйлерін тексеруге кіріскен төтенше жағдай  комитеті  адам шошырлық олқылықтарды  анықтап, шетінен айыппұл салып жатыр.

Небәрі төрт күндік тексеруде мыңнан аса ережебұзушылық анықталған. Бұл әлі басы ғана. Тексеруден өткен 75 нысанның тек үшеуі ғана барлық талаптарға сай болып шықты. Ал қалғандары қауіпсіздік мәселесін ысырып қойған. Қазірдің өзінде оларға 1 миллион 200 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Әлі ел аумағындағы 233 нысан осындай тексеруден өтеді. Айта кетсек, Ресейдің Кемер қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін Үкімет ірі сауда үйлерін екі ай ішінде шұғыл тексеруді тапсырған болатын. Екінші сәуірден бастап барлық жерде аумағы мың жарым шаршы метр және одан үлкен нысандар тексеріліп жатыр. Көп жағдайда, ғимараттарда қарапайым қауіпсіздік ережелері сақталмайды екен.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

-Ең көп кездесетіні эвакуациялық шығу жолдары жабық болады. Немесе шығар жолға шағын дүңгіршектер орналасып алады. Өрт қауіпсіздігі дабылы мен автоматты өрт сөндіру жүйесі істемейді. Бір бизнес нысанынан 30-ға дейін тәртіп бұзушылық табылып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.