{metadescription}
Тікелей эфир: Еліміздегі сарбаздар мен курсанттар ашқұрсақ жүр
Тікелей эфир: Еліміздегі сарбаздар мен курсанттар ашқұрсақ жүр

Тікелей эфир: Еліміздегі сарбаздар мен курсанттар ашқұрсақ жүр

Қорғаныс министрінің айтуынша, мемлекеттік сатып алуға көшкелі әскерилер тоя  тамақтануды ұмытқан. Бүгін Мәжілісте есеп берген Сәкен Жасұзақов әскери саланы тендерден мүлдем босатуды сұрады. Бұл жайында толығырақ  қазір тікелей эфирге қосылған  астаналық тілшімізден сұрайық.

-Әскерилердің  ашқұрсақ жүргеніне кім кінәлі екен?

Негізі, депутаттар әскери оқу орындарындағы курсанттардың  тамағы құнарсыз деп, министрге шағым айтқан. Оған кінәлі кәсіпкерлер екен. Бизнесмендер  тендерге қатысқанда  қалай да  жеңіске жетуді көздейді де,  байқауда  бағаны барынша төмендетеді.  Салдарынан  сарбаздардың алдындағы астың құрамы мен сапасы нашарлайды дейді мәжілісмендер. 

Құдайберген Ержан, Мәжіліс депутаты:

-Әскери тағамның  құны 1225 теңге. Бұл қызметкрелер үш мезгіл тамақтануға  бөлінген  қаражат. Бірақ, жеке кәсіпкерлер тендерді ұтып алу үшін бағаны төмендетеді. Сонда шамамен 600-700 теңгенің төңірегінде шығып отыр. Бұл сомаға әскери азаматтарды сапалы тамақтандыруға болады дегенге күмәнім бар.

Курсант, сарбаздардың тоя тамақ жемегеніне көп болғанын   Қорғаныс министрі де мойындап отыр. Ос мәселеге қатысты Сәкен Жасұзақов жақында Үкіметкен хат жазыпты. Министр  әскери оқу орындарындағы асхананы тендерден босатуды сұрап отыр.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

-Шынында да, әскери азық-түлік құны 1225 теңге. Ол тәулігіне 4231 килокалория алуы қажет. Сіздер білесіздер, сарбаздарды үш рет тамақтандыру керек. Алайда конкурсқа қатысатын компаниялар тендерді ұтып алу үшін өз қызметтерінің құнын 650-900 теңгеге дейін төмендетеді. Біз оған тосқауыл бола алмаймыз. Кім төмен баға ұсынса, сол ұтады.Күні бойы далада жүгіретін курсантты 700-800 теңгеге қалай тамақтандыруға болатынын түсінбеймін.

-Қорғаныс минситрі әскери саладағы  қыз-келіншектерді мақтапты. Нәзік жандардың қорғанысқа қандай пайдасы тиіп жатыр екен?

Әскери бөлімшелердегі  басшылық қызметке  қызар тағайындалғалы іштегі тәртіп пен мәдениет  күшейген. Сарбаздар таза жүріп-тұратын болыпты,  ал, офицерлер  сыпайы сөйлей  бастапты.   

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

-Жақында ғана рота, батальон, бригада командирінің тәрбие ісі бойныша орынбасары етіп әйелдерді қойыңдар деген бұйрық бердім. Кезінде сынақ ретінде орынбасарлыққа қыздарды қойғанбыз. Нәтижесі өте жақсы. Біріншіден, сарбаз, офицер, сержанттар тап-таза болып шыға келді, рота командирлері боқтық сөз айтпайтын болды.

Яғни, Жасұзақов 7-8 жылдық еңбек  тәжірибесі  бар қыз-келіншектердің  басқаруға икемі барын шетінен лауазымды қызметке  тартпақ.  Мәжілісте әскерилердің жалақысы, баспанамен қамту туралы да сөз болды. Толығырақ кешкі 19-45 қорытынды жаңалықтардан айтайын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде