Шекарашы барымташыларды ұстап берді
Жамбыл облысында асыл тұқымды малды заңсыз кіргізбек болғандар ұсталды. Меркі ауданының алты тұрғыны 13 бас сиырды «Аспара» шекара бекеті арқылы елге өткізгісі келген.
Автор: Руслан Әбдіхалық
09.04.2018
Күдіктілер Зеңгі баба тұқымдарын айдап келе жатып қолға түскен. Олар бұл жымысқы әркеттерін шекара қызметкері арқылы жүзге асырмақ болыпты. Алайда алдын-ала сөз байласып, тіпті пара алған лейтенант жеме-жемге келгенде айнып, құзырлы орындарға хабар берген. Ал заңсыз мал тасымалдаушыларды құрықтау террористерді ұстау операциясынан кем түспеген тәрізді. Өткені оған ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, полицияның «Арлан» арнайы жасағы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының мамандары тартылған. Енді құрықталғандардың екеуі пара беруші, ал төртеуі мал айдаушылар есебінде жауапқа тартылмақ.
Арман Рахимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Жамбыл облыстық департаменті бастығының орынбасары:
-Пара берушілер әр ірі қара малдың басы үшін 3 мың теңгеден, яғни 13 сиыр малы үшін 39 мың теңге пара беру барысында құрықталған. Оларға пара көлемінен 40 есе айыппұл немесе 7 жылдан 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!