{metadescription}
Тараз жұрты Аяз Бетбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Тараз жұрты Аяз Бетбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Тараз жұрты Аяз Бетбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Қазақ өнері орны толмас қайғыға душар болды. Белгілі әнші, термеші Аяз Бетбаев 77 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бар саналы ғұмырын төл өнерді дәріптеуге арнаған дара тұлғаның жүрегі 8-ші сәуірдің түнінде тоқтаған. Бүгін марқұмды туған-туыстары ақтық сапарға шығарып салды.

Өнерге жан-тәнімен берілген Аяз Бетбаевқа жұрт «Кие қонған» дейді. Себебі, балалық шағында түсіне аян болып кірген Жамбыл Жамабев оған өз домбырасын беріп, оның келешекте әйгілі термеші болатынын айтқан екен. Аяз Бетбаев 16 жасында Кенен Әзірбаевтың батасын алып, сол сәттен бастап шәкірті болған. Тіпті оған ұстазы Кененнің 90 жас торқалы тойын ашып беру бағы бұйырған.

-Кейінгі ұрпақтарың біліп жүрер. Ән-жырға үлкен үлес қосқаныңды.

Аяз Бетбаевты көпшілік термеші деп таниды. Бірақ ол – сан қырлы өнер иесі. Ол – ақын, сазгер, жыршы және орындаушы. Марқұмның "Ақ қайың", "Сағыныш", "Махаббат жұлдызы", "Жұлынған гүл"  сынды әндері ел арасында кең тараған. «Жетісу әуендері» күй жинағы мен «Шу толқындары» кітабы да жарық көрген болатын.     

Асқарбек Сейілхан, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

-Аязға деген халықтың құрметі, елдің  ілтипаты, сағынышы енді басталады. Омар Хаямды аяздан артық жырлаған адам жоқ.

Аяз Бетбаев ескі жыр-термені бүгінгі ұрпаққа жеткізуші, бір сөзбен айтқанда, насихаттаушы болды. Ол Омар Хаям, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен сынды жыр алыптарының құнды мұрасын өзінің ерекше мақамында дәріптеген. 

Бейбіт Шошабаев, ҚР мәдениет қайраткері:

-Ең соңғы сапарында, 3-4 күн бұрын мен ол кісінің алдына кіріп шықтым. Сол кезде маған берген аманаты осы.Қалған кейінгі ұрпаққа жеткізетін жырың да, әнің де сенің мойыңда. Маңдайымен сүйіп, артық кетсем кешір деп, бір-бірімізден кешірім сұрап екеуіміз қош айтыстық. 

Жыраулықтың соңғы тұяғы атанған Аяз Бетбаев – Шу өңірінің тумасы. Соңғы уақытта оның жүрегі сыр беріп жүрген. Ақыры, сол ауруынан айыға алмай, жарық дүниемен қош айтысты. Ал, бүгін марқұмның денесі жер қойнына тапсырылды. Ол екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірген. Қазір немерелері мен жиендері өсіп жатыр. 

 

 

 

 

Бақытжан Бетбаев, А.Бетбаевтың ұлы:

-Халқы , елі барда оның өнері ұмытылмайды, жалғасын табады деп ойлаймын. Өлмейтін адамды алла жаратпайды, сынбайтын затты ұста соқпайды дейді. Алланың тағдыры шығар, иманы саламат болсын.

 

Дархан даламыз тудырған дара тұлғаның даңқын дәріптеу, ұлтқа үлгі, ұрпаққа аманат. Марқұмның туындыларының бірсыпырасы 2000-шы жылы жинақ болып шықан еді. Ал енді жыршының әндерін нотаға түсіріп, кітап қылып шығару қолға алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде