{metadescription}
Атырауда табиғи қорықтан алапат өрт шықты
Атырауда табиғи қорықтан алапат өрт шықты

Атырауда табиғи қорықтан алапат өрт шықты

Мұнда «Ақ Жайық» мемелекеттік табиғи қорығының аумағындағы қалың қамыс отқа оранды. Қаладан қашықта орналасқан қорықтағы өрттің кою түтіні қалаға ап-анық көрініп тұр.

Табиғи қорық мамандарының айтуынша, өрт кеше кешкілік тұтанған. Атырау аумағына қырық градус ыстықтың жете қоймағандығын ескерсек, қалың қамыс пен қоғаның жануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Резерват қызметкерлері әуелгі кезде отты өз күштерімен сөндірмек болғанымен, қатты жел оған мүмкіндік бермеген. Қазір қорғалатын аумақтың 4 жарым гектары күлге айналған. Жел басылмаса, отқа оранатын аумақ көлемі ұлғая түсуі әбден мүмкін. Сондықтан қорық мамандары жергілікті әкімдік пен төтенше жағдай қызметкерлерінің көмегіне жүгініп отыр.

Ғани Ағыбаев, «Ақ Жайық» табиғи резерватының бас маманы:

-Қазіргі уақытта «Ақ Жайық» резерватының өзінен 40 мемлекеттік инспектор жұмылдырылып жатыр, сонымен қатар маломерный патруль дейді ғой автокөлік, жергілікті акиматтан тағы да су таситын автокөлік бөлінді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде