{metadescription}
БҚО-да қыруар қаржыға жөнделген бөгетті су жарып кетті
БҚО-да қыруар қаржыға жөнделген бөгетті су жарып кетті

БҚО-да қыруар қаржыға жөнделген бөгетті су жарып кетті

Миллиондар сумен бірге ағып кетті! Батыс Қазақстан облысында өткен жылы ғана Дерқұл өзенінде салынған бөгетті су жарып кетіп, жарамсыз боп қылды. Әуел баста бұл нысан бірнеше елді мекен тұрғындары мен шаруаларға жазда қажетті суды жинау үшін салыныпты.

Зеленов ауданына қарасты Переметное ауылының тұсындағы мына бөгеттің құрылысына мемлекеттің 70 миллион теңгесі жұмсалған. Өкінішке қарай, халыққа бір маусым болса да қызмет көрсетіп үлгермеген оның бұзылуына биыл қардың көп түсуі себеп болыпты. Және бұған қоса судың молдығы мен қардың  тез еруі де әсер еткен көрінеді. Ал әкімдік құрылыс жұмысының кепілдік мерзімі бітпегендіктен, бөгетті мердігер жөндейді деп отыр. Жобалаушылар да жауапқа тартылмақ екен.

Әлібек Антазиев, БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-Қазір қажетті техниканың барлығын бөгет басына жеткіздік. Су қайтып, деңгейі түскен бойда іске кірісеміз. Яғни онда елді мекен тұрғындарына қажетті мөлшерде тіршілік нәрін қалдыруға тырысамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде