{metadescription}
Сақтансаң, сақтайды! Алматылықтар жылжымайтын мүліктерін сақтандыруды бастады
Сақтансаң, сақтайды! Алматылықтар жылжымайтын мүліктерін сақтандыруды бастады

Сақтансаң, сақтайды! Алматылықтар жылжымайтын мүліктерін сақтандыруды бастады

Себебі, билік табиғат апатынан келген шығынды толығымен өтеп бермейтіні анық. Зілзала, тасқын мен өрттен баспананы сақтандыру құны қымбат болмаса да, ондай қызметке жүгінетіндер әлі де аз екен.   

Өзіміз бен өзге елде болып жатқан қайғылы жағдайлардан соң Тимур Саллагаров үйін сақтандыруды ұйғарыпты. Ол айтып келмейтін апаттан кейін шаңырақсыз әрі шарасыз қалмайтынына сенімді. Себебі, шығынның тоқсан пайызын компания өтейді екен.

Тимур Саллагаров Алматы қаласының тұрғыны:

-Алматы өте қауіпті аумақта орналасқан. Тілсіз жау, табиғи апаттың алдында адам дәрменсіз. Сол себепті, мен үйімді сақтандырдым. Жылына 30 мың теңге төлеймін.Бірақ қай жерде жүрсем де көңілім тыныш. Барлықтарыңызды баспаналарыңызды сақтандыруға шақырамын. 

Батыс елдерінде халықтың 99 пайызы жыл сайын мүліктерін сақтандырады. Ал, бізде сақтандыру компанияларына сенбейді.

Айдар Кәкімжанов сақтандыру компаниясының өкілі:

-Бұл дұрыс емес. Мысалы, сіздің үйіңіздің бағасы 10 миллион болса, жылына компанияға 0,12 пайызы 12 мың теңге төлейсіз. Апатты жағдайдан кейін үйіңіз жарамсыз болса біз шығынның тоқсан пайызы, яғни сізге 9 миллион теңгені қолыңызға береміз. Ұтылмайтыныңыз анық.

Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу институты қаладағы 7000 мыңнан аса ғимаратқа визуалды зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша, Алматыда 944 ғимарат жер қыртысындағы алып тақталардың түйіскен тұсында тұрғаны белгілі болды.

-    Апатты ғимараттар Алматы қаласының барлық аумағында бар. Әсіресе, Алмалы мен Әуезов аудандарында қауіптің көрсеткіші жоғары. 944 ғимараттың ішінде

               

                     812 көпқабатты үй

                      32 аурухана ғимараты

                      16 емхана

                      36 мектепке дейінгі мекеме

                      48 мектеп ғимараты

Ералы Шоқпаров Қазақ құрылыс, сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының директоры:

-Біз зерттеген үйлердің көбісі 60-70 жылдары салынған. Бүгін-ертең пайда болған жарық емес.

 Жалпы, елімізде сақтандыру жүйесі бір ізге қойылмаған. Мемлекет тағайындаған көмекқаржыға халықтың көңілі толмайды. Осы орайда, Ұлттық банк сақтандыру нарығын одан ары жетілдіру ді ұсынып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.