{metadescription}
Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне қатысты іс сот қарауына жіберілді
Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне қатысты іс сот қарауына жіберілді

Семейде жол ережесін өрескел бұзған той кортежіне қатысты іс сот қарауына жіберілді

Онда қуанышын ерекше атап өтпек болған жастар тіпті көліктеріне полиция мен төтенше жағдай қызметінің техникаларына тиесілі дыбыстық жүйені де орнатып алыпты.

Осылайша тізбектелген көліктер қаланың қақ ортасында артпен де жүріп, басқа машиналардың қозғалысына кедергі келтірді. Ал осы үйлену тойының кортежін басып озбақ болғандарға еш мүмкіндік бермеген. Бұл аздай, жастар көліктерінің терезелерін қараңғылап, қарсы бағытта теңселе жүріп отырды. Тіпті, дөңгелектерін түтіндетіп дарақылық жасаған. Полиция ережені ескермей есірген жастарды анықтады. Сөйтіп, үш жүргізушіге бірнеше бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Енді сот оларды жүргізуші куәлігінен айыруы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.