Тікелей эфир: Теңгенің құнсыздануынан елімізге Ресейден келетін тауарлар қымбаттауы мүмкін
Сарапшылардың айтуынша, еліміз солтүстегі көршімен тығыз экономикалық қарым-қатынаста болғандықтан, рубльдің шатқаяқтауы бар жағынан кері әсерін тигізеді.
Автор: Мақсат Мәлік
10.04.2018
Дәл қазір Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде 1 АҚШ долларының бағасы қанша болып жатыр? Ал, тәуелсіз сарапшылар теңгенің бір күнде 5 теңгеге құнсыздануын не деп болжайды?
Иә, дәл қазір жұрт бұл жағдайғаа қатысты қатты алаңдаулы. Барлығы қандай шешім қабылдарын білмей, әрі-сәрі күй кешіп жатқан жайы бар. Себебі, кеше ғана 1 АҚШ доллары 320 теңгеден саудаланған еді. Ал, бүгін ақша айырбастау пунктерінде 325-326 теңгеден сатылып жатыр.
Бірақ, максималды көрсеткіш 328 теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал, сарапшылар, теңгенің бұ жолғы құнсыздануын, «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп болжап отыр. Себебі, еліміздің экнономикасы Ресеймен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, санкция салқынынан рубль құнсызданғанда бізге көршімізден келетін тауарлардың құны шарықтап кетуі мүмкін дейді мамандар. Себебі, қазір рубльдің құны 1 АҚШ долларынан шаққанда 4,3 пайызға арзандаған.
Әкімжан Арупов, экономист:
-Шындығын айтқанда мұның салдарын кеңінен болжау өте қиын. Бірақ, біз Ресеймен еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде өте тығыз қарым қатынастамыз, негізді әріптестірінің біріміз. Сондықтан, егер рубль құнсызданса соңын ала теңгенің де әлсіреуін байқай аламыз. Әрине, Ұлттық банктің жеткілікті қоры бар. Бірақ, еркін айналымдағы нарық заңдылығынан қашып құтыла алмайсың. Сондай-ақ, біз көп тауарды Ресейден импорттаймыз. Рубль құнсызданса, сол тауарлардың бағасы шарықтап шыға келуі ғажап емес.
Сарапшылардың пікірінше, әр мемлекет өз валютасының долларға шаққандағы бағамын реттеуге қауқарлы болуы тиіс. Бірақ, қайткен күнде де рубльдің құнсыздануы теңгенің тағдырына әсер етпей қоймайды дейді. Оның үстіне желдің тағы қай бағыттан соғатыны белгісіз дейді олар.
Бірақ, экономистер доллар қымбаттады екен деп, қарапайым жұртқа асығыс қадам жасауға болмайтынын ескертеді. Өйткені, долларды сату және сатып алу ара қатынасында айтарлықтай айырмашылық деген олар, пайдаға кенелемін деп жүріп опық жеп қалуыңыз ғажап емес дейді.
Сондықтан сәл сабыр сақтауға кеңес береді. Алайда, осындай кезеңдер ірі қаржы ойыншаларының пайдасына шешіліп жататынын жасырмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!