{metadescription}
Тікелей эфир: Үкімет теңгенің құлдырауына қатысты мәлімдеме жасады
Тікелей эфир: Үкімет теңгенің құлдырауына қатысты мәлімдеме жасады

Тікелей эфир: Үкімет теңгенің құлдырауына қатысты мәлімдеме жасады

Рубльден кейін бүгін іле-шала теңге де бақандай  5  теңгеге құлдырады. Бірақ, Ұлттық банк  мұны девальвация деу қисынсыз дейді. Айтуларынша, бұл теңгенің нарыққа байланысты құбылуы екен. Десе де, банк өкілдері мен жауапты министрліктер көрші елге АҚШ-тың салған  санкциясы   біздің  экономикаға да  кесірінін тигізуі мүмкін деп отыр.

 - Сонымен, төл теңгеміз тағы құлдырауы мүмкін бе?

Бұл сұрақты Ұлттық банк төрағасының орынбасарына қойған едік, бірақ, нақты жауап ала алмадық.Тіпті, Алпысбай Ахметов, төл теңгеміздің бүгін долларға шаққанда бес теңгеге арзандап кеткенін де білмейтін болып шықты. Нарықтағы тоқырауды тілшілерден естіп аң-таң болған  Ақышевтің  орынбасары мұны девальвация деп айтуға болмайды деп кесіп айтты.  Ал,  Ақ үйдің Кресмльге салған санкциясы  теңгеге кері әсерін тигізуі мүмкін. Өйткені, төл ақшамыздың мұнай бағасынан бөлек, рублге де байланысты екені белгілі. Өйткені, ресми Мәскеу мен Астана  ірі экономикалық  одақтастар.

АЛПЫСБАЙ АХМЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мұнайдың айналым бағамы біздің саудалас серіктес елдердің бағамы бізге әсерін тигізеді. Бірақ, қандай әсері оны есептеп шығару керек.

Сіздер білесіздер бізде теңгенің айналымы еркін. Сондықтан Ұлттық банк оған әсерін тигізе алмайды реттей алмайды.

Ал, Ұлттық экономика министрі болса, доллардың өсіп, рубльдің құлдырауы  қаржы нарығындағы тұрақсыздықты білдіреді дейді. Енді мұндай санкцияның Қазақстанға қалай әсер ететіні, бастысы төл теңгеміздің бағамы не болатынын болжау қиын болғалы тұр.

ТИМУР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

-Санкцияға байланысты Ресейдегі жағдай ушығатын болса, әрине бұл жақсылық әкелмейді. Бірақ, қазір нақты бірдеңе деу қиын. Біз Ұлттық банкпен бірігіп, алдымен, көрші елдегі жағдайды зерттеп, елімізге қалай әсер ететініне баға беруіміз керек. Кейінтолық қанды ақпарат бере аламыз.

Ал,  тұрғындар тағы девальвация бола ма деп қорқып жүр. Сондықтан, теңгелерін кейбірі қазірден АҚШ ақшасына айырбастап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде