{metadescription}
Маңғыстаудың полицейлері бекіреге қарық болды
Маңғыстаудың полицейлері бекіреге қарық болды

Маңғыстаудың полицейлері бекіреге қарық болды

Олар бір жолғы «Бекіре 2018» шарасын ұйымдастырып, қызыл кітаптағы қызыл балықтың 2 тоннаға жуығын тәркіледік деп жар салып отыр. Бір браконьер тіпті 700 келі бекірені көлікке тиеп, Ақтаудан шығып бара жатқанда ұсталған.

Осы балықтың бір тоннадан астамын полицейлер Түпқараған ауданы түрғынының үйінен тапқан. Үш тоңазытқышқа қыздың жүгіндей жиналған 300 бекіре сол жерде тәркіленді. Полицейлер қылмыс туралы хабарды жедел ақпарат көздерінен алдық деп отыр. Каспийге келтірілген шығын 3 миллион теңгеден асатынын да санап қойыпты. Енді екі күдіктінің кінәсі дәлелденсе, олар 14 миллион теңге айыппұл арқалайды екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде