{metadescription}
Қарағанды облысында бруцеллезге шалдыққан мал иелері наразылық білдірді
Қарағанды облысында бруцеллезге шалдыққан мал иелері наразылық білдірді

Қарағанды облысында бруцеллезге шалдыққан мал иелері наразылық білдірді

Олардың айтуынша, кесел жұқтырып, артынан көзі жойылған сиырлар үшін өтемақы дұрыс берілмей жатыр. Тіпті, жарты құны төленген малдың ауруға шалдықпауы да мүмкін деген күдіктері басым. Жаңаарқа ауданындағы Түгіскен ауылынан бүгінге дейін 60-қа тарта ірі қара кесел жұқтырды деген күдікпен сойылып кеткен. Ал жалпы аталған ауданда соңғы бір айда 250-ге жуық сиырдан бруцеллез анықталыпты.  

Төрт түлік мал бағып, күн көріп отырған ауыл тұрғындары бүгіндері шарасыз күйге түстік дейді. Өйткені соңғы уақыттан бері елдің малы жаппай жүк көлігіне тиеп әкетіліп жатыр екен. Ел осы іске жауаптылардың әрекетін заңсыз деп отыр.  

Әбдірахман Бекмұсин, Түгіскен ауылының тұрғыны:

-15 күннің ішінде малдарыңды өткізбесеңдер әкімшілік жазаға тартыласыңдар, 15 тәулікке қамаласыңдар дейді. Бұлар елді қорқытып, малдарын әкетіп жатыр.

Екі мыңнан есе елі бар Түгіскен ауылында 20-ға тарта отбасы малынан осылай айырылдық деп отыр. Халық жауапты мамандардың бұған дейін кеселге қарсы екпе салмағанын, қораларды залалсыздандырмағанын, ауру малды оқшауламағанын айтады. Тек жұқпалы індет анықталған ірі қаралардың құлағына белгі тағып, жаппай сойысқа жібереді екен. Шығынға батқан жұрттың, әсіресе, сиыр етінің екі есе арзанға өткізіліп жатқанына іші ашиды.

Медет Сәденов, Түгіскен ауылының тұрғыны:

- 750 жарты бағасына кетіп отыр. Біріншіден біз бағадан ұтылып отырмыз. Екнішіден, ол күздің күні алынса, ол мысалы 100 келі болса, күздің күні 150 келі беретін еді, серіген уақытта, 50 келіден тағы ұтылып отырмыз

Соңғы үш жылдан бері бруцеллез дертінің дендегенін жергілікті билік жоққа шығармайды. Бірақ мәселені шешуге қауқарымыз жетпейді дейді. Себебі, жыл сайын тексеріс жүргізетін мамандардан ауру малдарын жұрт жасырып қалады екен. Қолдан ем жасамақ болғандары да кездеседі. Бірақ одан қайыр болмай, індеттің тарауы толастамайды екен.  

Өмірғали Кенжетаев, Түгіскен ауылының әкімі:

-Бруцеллезбен ауырған малдың көзі жойылу керек. Біз табыншыларға бәріне ескертіп отырмыз. Анықталғаннан кейін ол малдың басына белгі қойылады. Б деген. Бруцеллез. Оны басқа адамдар білуі керек ауру екен. Яғни бұл шыққанан кейін, 15 күн ішінде көзі жойылу керек малдың.

Ауылда тексерістен өткен  8900 бастың 57-сінен осы кесел анықталған. Оның 43-і жойылыпты. Қалған 13 ірі қара оқшауланған күйде тұр. Ал ауру сиыр тұрған қоралар тексеріс аяқталған соң ғана тазартылады. Биліктегілер малдың нарықтық құнының 30 пайызы мемлекет есебінен төленеді дейді. Содан кейін оны өндіру цехтарына тұрғындардың өздері сата алады. Ал ауру малдың барын жасырып, оны табынға қосып, індетті таратқандар анықталса, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде